Жатыр денесінің миомасы (немесе фибромиома, лейомиома) әйелдер мүшелерінің кең тараған ісігі және белгілі гормондардың жоғары деңгейінің нәтижесінде болуы мүмкін. Қазіргі таңда бұл мәселеге қатысты беріліп отырған баға бірмәнді емес. Бірақ аурудың пайда болу интенсивтілігін бөліп қарастырады, яғни 30 жастан асқан әр екінші немесе төртінші әйел осы ауруға шалдығады.
Жатыр денесінің миомасы – әйелдердің репродуктивті мүшелеріндегі қатерсіз ісік. Миома кең тараған ісік түрі болып табылады және 20-40% репродуктивті жастағы әйелдерде кездеседі. Жатыр миомасы дұрыс емес шиеленіскен, бір немесе бірнеше жұмыр нүктелері бар бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары болып табылады. Миома жалпыланған термин және құрылымы бойынша лейомиома (бұлшықет талшықтарынан түзілген ісік), фиброма (дәнекер тіннен түзілген және таза дәнекер тін түрінде сирек кездеседі), рабдомиома (көлденең салалы бұлшықет тінінен түзілетін ісік), ангиомиома (қан тамыр торы жақсы дамыған ісік) деп ажыратылады.
Қазіргі таңда жатыр миомасы дамуының нақты себебі туралы бірыңғай пікір жоқ. Алайда ғалымдар миома гормонтәуелді ісік және оның дамуының негізгі себебі ағзадағы эстроген мен прогестерон гормондар қатынасының өзгеруі деген ортақ пікірге келуде.
Көп жағдайда ауру ешқандай белгісіз өтеді. Әсіресе бұлшықет арасында немесе іш астында орналасқан бір немесе көп миома кезінде айқын белгілер болмайды.
Бірақ миоманың дамуын көрсететін бірнеше белгілер бар:
Жатыр миомасы диагностикасының негізгі әдістері:
Миоманы емдеу әдісі түйіндердің көлемі мен санына, сонымен бірге симптомдар көрінісінің дәрежесіне байланысты. Кіші көлемді симптомсыз миома кезінде жиі күту әдісі қолданылады.
Жиі медикаментозды ем тағайындалады. Ол ісіктің өсуін тоқтатуға немесе оның көлемін азайтуға, сонымен қатар асқынулардың алдын алуға бағытталады. Бірақ емнің бұл түрі уақытша ғана болып табылады және миомадан толық құтылуға мүмкіндік бермейді.
Бұдан басқа хирургиялық емдеу нұсқалары да бар.
Жатыр миомасын емдемесе, ол жылдар бойы өсе беруі мүмкін және қауіпті асқынулар шақырады. Ол әйелдің репродуктивті қызметіне және жалпы жағдайына әсер етеді.
Мүмкін болатын асқынуларына жатады: анемия, түсіктер, уақытынан ерте босану немесе бала жолдасының ажырауы, ісіктің метастаздануы.
Жатыр миомасын алдын алудың арнайы шаралары жоқ. Ауруды дер кезінде анықтау үшін гинекологқа тұрақты қаралу және кіші жамбас қуысы ағзаларының УДЗ жасау ұсынылады.
Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен гинекологтың кеңесіне жазылыңыз:
- сайтта өтінім қалдыру,
- бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,
- +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.