Емхана ғимаратын салу жобасы 2009 жылы Мемлекет басшысының «Әлеуметтік сала алдындағы бизнестің жауапкершілігі туралы» үндеуімен басталды. Семей қаласының «№3 кеңес-диагностикалық емханасы» жаңа ғимараты 2013 жылдың тамыз айында пайдалануға берілді. Мекеме 4500 м 2 алаңда орналасқан. Жалпы жоспарлы қуаты ауысымына 394 келушіні құрайды.
Миссиясы: Жоғары медициналық технологияларды, кәсіпқойлықты, қамқорлық пен жанашырлықты пайдалана отырып, бүкіл отбасының және жалпы қоғамның денсаулығын қалпына келтіруге және сақтауға ықпал ету.
Мақсаты: Пациенттерге медициналық көмек көрсетуде оң нәтижелерге қол жеткізу.
Міндеттері: Науқастар мен қызметкерлер үшін тәуекелсіз жұмыс істеу. Негізгі қызмет түрлері: алғашқы медициналық-санитариялық көмек, бейінді мамандармен ересек және балалар халқына мамандандырылған көмек көрсету, диагностикалық қызметтер, зертханалық диагностика.
Қызмет көрсетілетін аумақ: тіркелген халық саны – 20731.
Мекеме номенклатурасы: Емханада ересек және балалар халқына 22 мамандық бойынша кеңес беру қабылдауы, алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Функционалдық-диагностикалық зерттеулер және уақытша еңбекке жарамсыздық, кәсіби жарамдылық сараптамасы жүргізіледі. 8 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. 3 мектептің медицина пункті тіркелген.
Бөлімшелер: Ауданы 3500 м 2 кеңес беру-диагностикалық бөлімше және ауданы 1000 м 2 алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бөлімшесі.
Емхананың негізгі жұмыс бағыттары: