NOVA Medical Centre 2010 жылы халықтың денсаулығын жақсартуға үлес қосу мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта жоғары білікті медициналық көмек инновациялық технологияларсыз мүмкін емес. Бұл отандық және шетелдік инвесторларды тартудың негізі болды.
Бүгінгі таңда NOVA Medical Centre медициналық қызмет көрсету саласында жетекші орындардың бірін иеленіп, Қазақстанның жеті қаласында филиалдары бар - Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған, Қостанай және Алматы, Жезқазған, Екібастұз. Біздің клиникаларда МРТ және PACS интеграциялық жүйесіне маманданған тәжірибелі радиолог дәрігерлер жұмыс істейді. Халықтың денсаулығы үшін 100-ге жуық білікті маман еңбек етеді. NOVA Medical Centre дәрігерлері - үнемі кәсіби деңгейін жоғарылатып отыратын ынтымақтастық ұжым. Біздің ұранымыз - сапалы медициналық қызмет және риза науқастар.
Біз халықтың денсаулығын жақсартуға ұмтыламыз, біз кең ауқымды қызметтерді ерекше қамқорлықпен және әрбір науқасқа жеке көзқараспен ұсынудамыз. Ісіміздің басынан бастап бізге 88 000-нан астам қазақстандық медициналық көмекке жүгінді.
Науқастар мен олардың отбасы мүшелері аурухананы таңдағанда көптеген факторларды қарастырады, бірақ соңында олардың арасында еш бірі медициналық қызмет сапасынан маңызды емес. Сондықтан біз барлық клиникаларымызда сапаны және қауіпсіздікті қатаң сақтау ережелерін ұстанамыз және оларды жақсарту жолдарын үнемі іздейміз.
Қызметтердің жоғары сапасы тек жоғары білікті персонал арқасында ғана емес, сонымен қатар қазіргі заманғы диагностикалық жабдықтар арқасында да жүзеге асады. Біздің клиникалар ең заманауи ашық типтегі Superstar 0,35T ЯМР-құрылғысымен жабдықталған, ол өзінің класында үздіктердің бірі болып табылады. NeuViz 16 көптік кескінді КТ жүйесі егжей-тегжейлі талдау үшін үш өлшемді суреттерді жасауға мүмкіндік береді.
2015 жылғы 16 желтоқсанда NOVA Medical Centre диагностикалық клиникасының Алмада ашылуы - бұл Қазақстан бойынша медициналық орталықтар желісінің алтыншы филиалы ашылады.
Медициналық орталықта жаңа буынның ең заманауи МРТ құралдарының бірі HITACHI ECHELON 1,5 Тесла орнатылған.
HITACHI ECHELON - бұл 1,5 Тесла магнит-резонанстық томографтың жаңа стандарттары жоғарғы сыныпта. Бұл құралда HITACHI компаниясының, әлемдік көшбасшы МРТ саласында, мол тәжірибесі және алдыңғы қатарлы технологиялары іске асырылған. Әлем бойынша HITACHI 4 мыңнан астам жүйе орнатты. Біз осындай құралдың біздің Алматыдағы орталығымызда болғанына өте қуаныштымыз.
Тамаша кескін сапасы қайталанып зерттелусіз нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Бірақ, біз жеткен жетістіктерге тоқтаймыз келмейміз. Біздің командамыз жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Мамандардың біліктілігін жоғарылатуға, жаңа инновацияларға инвестиция салуға, халықты қол жетімді бағамен сапалы қызметтермен қамтамасыз етуге ерекше назар аударамыз.