• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Тромбофлебит

    Тромбофлебит – бұл тамырдың қабынуы, онда тромб пайда болып, оның саңылауын бітейді. Бұл бұзылыс кез келген веноздық тамырларда дамуы мүмкін, алайда көбінесе төменгі аяқтарда пайда болады. Тромбофлебит жедел және созылмалы түрде өтуі мүмкін, ал оның емі өте көп еңбекті талап ететін және ұзаққа созылатын процесс болып табылады.

    СЕБЕПТЕРІ

    Тромбофлебиттің пайда болу себептері:

    • тамыр қабырғаларының тұтастығының бұзылуы;
    • тұқым қуалаушылық;
    • қан айналымының жылдамдығының өзгеруі;
    • қанының ұюының жоғарылауы;
    • дененің ұзақ уақыт қозғалмай қалуы;
    • дәрумен тапшылығы;
    • жүктіліктен, босанудан және аборттан кейінгі асқынулар;
    • жүрек-қан тамырлар және жұқпалы аурулары.

    БЕЛГІЛЕРІ

    Тромбофлебит белгілері біртіндеп, бірінен соң бірі пайда болуы мүмкін. Аурудың дамуын көрсететін белгілер:

    • қабынған венаның аймағындағы өткір ауырсыну;
    • ісіну, қату, зақымдалған аймақтың жоғары температурасы;
    • алдымен қызару, содан кейін зақымдалған аймақтың көгеруі;
    • аяқтың жұмсақ тіндерінің ісінуі;
    • дене қызуының 38°C-қа дейін көтерілуі.

    Жоғарыда аталған белгілерден басқа, қызба, жөтел және ентігу пайда болуы тромбтың үзіліп кеткендігін көрсетуі мүмкін.

    ДИАГНОСТИКА

    Диагностикалық шаралар кешеніне кіруі мүмкін:

    • пациентті тексеру;
    • ультрадыбыстық зерттеу;
    • компьютерлік томография, МРТ;
    • қан талдаулары.

    Аурудың ауырлығына байланысты дәрігер қосымша зерттеулер тағайындай алады.

    ЕМІ

    Тромбофлебитті емдеу аурудың ауырлығына байланысты. Көп жағдайда консервативті терапия тағайындалады, оған кіруі мүмкін:

    • компрессиялық терапия;
    • жергілікті мазь қолдану;
    • қабынуға қарсы дәрілер қабылдау;
    • қан сұйылтқыш дәрілер қабылдау;
    • физиотерапия;
    • төсек демалысы.

    Ауыр жағдайларда науқасқа хирургиялық емдеу тағайындалуы мүмкін.

    АСҚЫНУЛАР

    Ауруды дер кезінде емдемеу өте ауыр нәтижелерге әкелуі мүмкін:

    • өкпе артериясының тромбоэмболиясы;
    • трмобофлебиттен кейінгі синдром;
    • созылмалы жеткіліксіздік;
    • ишемиялық тромбофлебит;
    • гренозды тромбофлебит;
    • өлімге әкелуі мүмкін.

    АЛДЫН АЛУ

    Тромбофлебиттің даму қаупі болған жағдайда ұсынылады:

    • дұрыс таңдалған аяқ киім мен ортопедиялық табан жастықтарын кию;
    • компрессиялық киім кию;
    • ауыр дене және статикалық жүктемелерден аулақ болу;
    • дененің қызып кетуіне және сусыздануына жол бермеу;
    • арнайы диета ұстану.