16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Трихомониаз

    Трихомониаз – ең кең тараған жыныстық жолмен берілетін зәр жыныс жүйесінің ауруы.

    Ауру қоздырғышы — бір жасушалы қарапайым трихомонада, ол әйелдерде қынапта және қуықта, ерлерде - уретра, қуық асты безі және ұрық көпіршіктерінде паразиттік жасайды.

    Ол «жаңа» түрге (2 айға дейін), созылмалы (екі айдан кейін), трихомонадо тасымалдаушы (симптомсыз) болып бөлінеді. Инкубациялық кезең - 1-ден 4 аптаға дейін.

    Диагностика

    Трихомониаз белгілері әдетте жағындының немесе егіннің микроскопиялық зерттеуімен расталады, күрделі жағдайларда ПЦР (полимераздық тізбекті реакция) қолданылады. Тексеру кезінде кольпоскопия (әйелдерде) және уретроскопия (ерлерде) қолданылады. Диагностика және емдеу дәрігерлері: венеролог, гинеколог, уролог.

    Симптомы

    Әйелдерде:

    • қынаптан сары түсті мазмұндас жағымсыз иістің бөлінуі;
    • қышу, күйдіру, жыныс мүшелерінің ісінуі;
    • несеп шығару кезінде ауырсыну;
    • жыныстық акт кезінде ауырсыну.

    Ерлерде:

    • көбінесе симптомсыз;
    • таңертең ғана тамшы түрінде бөліну;
    • несеп шығару кезінде ауырсыну;
    • несеп шығару каналынан бөліну, сирек жағдайда — қанды немесе көбіксіз.

    Трихомониаз кіші жамбас ағзаларының қабынуын тудыруы мүмкін, мұндай жағдайда простатит, уретрит (ерлерде), вагинит, цистит, оофарит (әйелдерде) сияқты ауру белгілері көрініс табады.

    Алғашқы көмек

    Трихомониаз дәрігерге дереу қаралуды талап етеді. Барлық жыныстық жолмен берілетін аурулар секілді трихомониазбен екі жыныстық серіктес те емделуі тиіс. Дәрігерге қаралғанша жыныстық қатынасты тоқтату керек.

    Емдеу

    Трихомониазды емдеудің негізгі бөлігі — бұл антибактериялық препараттар. Қосымша иммуномодуляторлар тағайындалуы мүмкін (иммунитетті қолдау және зақымданудың тез жазылуы үшін). Сонымен қатар, гигиена сақтау және алкогольден бас тарту міндетті.

    Толығымен жазылғанға дейін емдеу курсынан өту өте маңызды, себебі трихомонадалар антибактериялық препараттарға төзімді болып келеді және толық емделмеген науқас трихомонадо тасымалдаушы ретінде жыныстық серіктестерін емдеуге төзімді микроорганизмдермен жұқтыра алады.

    Созылмалы трихомониаз кезінде қолданылады: ерлерде - қуық асты безінің массажы, жергілікті препараттарды енгізу, физиотерапия рәсімдері; әйелдерде — вагинальды тампондардың жергілікті қолданылуы, шамдар, физиотерапия және санаторий-курорттық емдеу.

    Асқынулары

    Трихомониаздың асқынуы: ер және әйел жыныс органдарындағы қабыну процестері (вульвит, эндометрит, оофарит, цистит, простатит). Жүкті әйелдерде трихомониаз мезгілінен бұрын босануға және нәрестенің салмағының аз болуына әкелуі мүмкін. Әйелдерде де, ерлерде де трихомониаз бедеулікке әкеледі.

    Себептері

    Трихомониаздың себебі — трихомонадамен жұқтыру. Ауру қоздырғышы трихомонада жұқтырған жыныстық серіктестен 100 пайыз жағдайда беріледі. Жұқтыру жеке гигиена заттары (орамалдар, төс қағаздар, іш киімдер) арқылы да болуы мүмкін. Емдеуден кейін иммунитет пайда болмайды, жұқтыру шексіз сан рет болуы мүмкін.