• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Теміртапшылықты анемия (темір тапшылығы анемиясы қазақша)

    Теміртапшылықты анемия – қанда гемоглобин мен сарысулық темір деңгейінің төмендеуімен және қанның темірді байланыстыру қабілетінің жоғарылауымен жүретін ауру. Теміртапшылықты анемия кең таралған, балалар мен жүкті әйелдерде жиі кездеседі. Теміртапшылықты анемия  онкологиялық аурулар  белгілерінің бірі болып табылады.   

    Себептері

    • тамақта темірдің жеткіліксіздігі;
    • созылмалы қан кетулер;
    • асқазан-ішек жолдарында микроэлементтің (темір) сіңірілу үрдістерінің бұзылыстары;
    • ағзада темір тасымалдану үрдісінің бұзылыстары (темірдің тасымалдануына қатысатын әр түрлі ферментативтік жүйенің туа біткен ақаулары);
    • микроэлементтің жоғары мөлшердегі шығыны (жүктілік, лактация, баланың белсенді өсу кезеңі, паразиттердің темірді тұтынуы).

    Кейде себебін анықтау қиындық туғызатын, ал кейде тіпті себебі анықталмайтын теміртапшылықты анемия кездеседі. 

    Теміртапшылықты анемияның ауырлық дәрежесі:

    • Жеңіл: гемоглобин 90-110 г/л; эритроциттер 3,0-3,5 х 1012 /л;
    • Орташа: гемоглобин 70-90 г/л; эритроциттер 2,5-3,0 х 1012 /л;
    • Ауыр: гемоглобин 70 г/л аз; эритроциттер 2,5 х 1012 /л төмен.

    Клиникалық белгілер

    Теміртапшылықты анемияның белгілері жасырын және айқын болады.

    Темірдің жасырын тапшылығында симптомдар дара болады және әрқашан байқала бермейді. Бұл ауруды қан талдауында сарысулық темір деңгейінің төмендігінің арқасында анықтауға болады.  

    Теміртапшылықты анемияның айқын белгілері:

    • боз, құрғақ  тері;
    • тырнақтың дистрофиялық өзгерістері;
    • ашушаңдық, шаршағыштық;
    • тәбеттің төмендеуі, дәм сезудің бұрмалануы;
    • бауыр, көкбауырдың ұлғаюы;
    • иммунды тапшылық;
    • тахикардия, жүрек тондарының бәсеңдеуі, функционалды систолалық шу;

    Шала туған нәрестелерде анемия даму қаупі өте жоғары болады. Жасанды сиыр сүтін ішетін балаларда да анемияның даму мүмкіндігі жоғары. 

    Диагностикасы

    Диагноз қан талдауларының нәтижесіне негізделіп қойылады. Гемоглобин мен эритроциттердің төмендеуі – анемияның белгілері. Сонымен қатар анемияға гипохромия мен анизоцитоз тән. 

    Ауру себепін анықтау үшін терапевт, қажет болған жағдайда гинеколог, хирург, онколог, гематолог қарап тексереді. Анемияның себепшісі болған ауруды анықтау мақсатында УДЗ, МРТ, РЭГ сияқты қосымша зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

    Емі

    Әдетте анемияны емдеу үшін медикаментозды заттарды (үш валентті темір препараттары) қолдану жеткілікті болады. Темір препараттарымен қосымша поливитаминдер қабылданады. 

    Ауыр жағдайда эритроцитарлық масса құйылады. 

    Асқынулар

    Анемияның асқынған түрінде әр түрлі созылмалы аурулар дамуы мүмкін. Жиі бұл жүрек жеткіліксіздігі, созылмалы гипоксия, жүрек, қан тамырлар, бауыр, бас миының аурулары болып табылады.      

    Қанда гемоглобиннің критикалық төмендеуі кезінде гипоксиялық кома, жедел жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі және летальды нәтиже дамуы мүмкін.  

    Алдын алуы

    Теміртапшылықты анемияның алдын алуына жатады: 

    • Қан көрінісін мерзімді бақылау;
    • Анемияның ықтимал себептерін жою;
    • Қауіп-қатер тобында темір препараттарын алдын алу мақсатында қабылдау;
    • Құрамында темірі көп емдәмді ұстану (сиыр еті, бұзау еті, бауыр, балық, жұмыртқаның саруызы).

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен гематологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.