• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Свинка (Эпидемиялық паротит)

    Свинка (Эпидемиялық паротит) – бұл безді ағзаларды зақымдайтын жедел вирустық инфекция. Свинка көбінесе 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде кездеседі. Свинкамен адам өмірінде бір рет ауырады, кейін өмір бойы иммунитет қалыптасады. Эпидемиялық паротит вирусын парамиксовирус тұқымдасына жататын вирус тудырады.

    СЕБЕПТЕРІ

    Ауру ауа-тамшы жолдарымен жұқтырған адамнан беріледі. Организмге түскен соң вирус жоғарғы тыныс жолдарында дамып, қан арқылы безді ағзаларға тарайды. Адам аурумен жақын байланыста болу немесе тұрмыстық заттар арқылы жұқтыруы мүмкін. Ауру кез-келген бездерді, алдымен сілекей, сондай-ақ ұйқы безі, қалқанша, қалқанша маңы, аталық бездер, сүт бездерін ж.т.б. зақымдауы мүмкін. 

    СИМПТОМДАРЫ

    Жұқтырған сәттен бастап алғашқы симптомдар пайда болғанға дейін әдетте 2-3 апта өтеді. Алғашында паротит белгілері суық тию белгілеріне өте ұқсас:

    • қалтырау;
    • әлсіздік;
    • бас ауруы;
    • бұлшықет ауруы;
    • тәбеттің төмендеуі.

    1-2 күннен кейін неғұрлым айқын симптомдар пайда болады, мысалы:

    • зақымдалған бездер аймағында ісіну, ісік;
    • ауыздың құрғауы;
    • шайнау немесе жұтыну кезінде ауырсыну;
    • мойынның ісінуі;
    • тілдің ісінуі.

    ДИАГНОСТИКА

    Диагностикалық әрекеттер кешені мыналарды қамтиды:

    • анамнез жинау;
    • пациентті тексеру;
    • кері транскрипциясы бар полимеразды тізбектің реакциясы (ПТР);
    • қан, несеп, нәжіс, сілекей секрециясы, жұлын сұйықтығы зерттеулері;
    • серологиялық тестілеу. 

    ЕМДЕУ

    Аурудың ауырлығына байланысты емдеу үйде немесе стационарда жүргізілуі мүмкін.

    Емдеу барысында науқасқа мыналар тағайындалады:

    • төсек режимі;
    • сұйық тағамдар басым болатын арнайы диета;
    • мол сұйықтық қабылдау;
    • шаю;
    • қажет болған жағдайда спазмолитиктер, ферменттер, анальгетиктер тағайындалады.

    АССАУЫҚТАР

    Эпидемиялық паротитті уақтылы емдемеу көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін, мысалы:

    • серозды, паротитті менингит;
    • жұмыртқа қабынуы, атрофиясы, бедеулік;
    • паротитті энцефалит;
    • кереңдік;
    • қант диабеті;
    • артрит;
    • миокардит;
    • құрысу синдромы;
    • жүйке жүйесінің зақымдануы;
    • ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі.

    ПРОФИЛАКТИКА

    Негізгі профилактикалық әдіс вакцинация болып табылады. Вакцинация екі компонентті комбинацияланған және қызамық, қызылша және паротиттен қорғайды. Бірінші доза 12-18 ай аралығында, екінші доза 2-6 жас аралығында салынады.