• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Жүйелік қызыл жегі

    Жүйелі қызыл жегi (Либман-Сакс ауруы, ЖҚЖ) – бұл созылмалы аутоиммунды дәнекер ұлпасының және тамырлардың ауруы. Бұл ауру кезінде иммундық жүйе шығаратын антиденелер өздерінің сау органдары мен ұлпаларын зақымдайды. Аурудың атауы оның ерекше белгісінен алынған — мұрын мен бетке шыққан бөртпелер, бұл орта ғасырларда қасқырдың тістеуінен пайда болған жараларды еске салады деп есептеген.

    Ауру көбіне жас әйелдерді, сондай-ақ орта жастағы әйелдерді зақымдайды. Оның алғашқы көріністері қыздарда көбінесе менструацияның басталуымен сәйкес келеді.

    СЕБЕПТЕРІ

    Бүгінгі күні қызыл жегі ауруының нақты себебі белгісіз. Бұл аурудың пайда болуына қатысты 2 нұсқа бар: генетикалық бейімділік және сыртқы ынталандырушылар (бактериялық және вирустық инфекциялар, күйзеліс, ультракүлгін сәулелену, жыныстық жетілу, вакцинациялар).

    БЕЛГІЛЕРІ

    Ауру баяу басталып, жаңа белгілер бірнеше аптадан бірнеше жылға дейін пайда болуы мүмкін. Алдымен жалпы белгілер пайда болады, мысалы, әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, тез шаршау, бұлшықеттердегі ауырсыну, тәбеттің жоғалуы. Алайда аурудың басталуы өткір формада да өтуі мүмкін, мұндайда тері синдромы айқын көрінеді, ауыр қызба және полиартрит байқалады.

    Жүйелі қызыл жегінің ағымы жедел, жартылай жедел және созылмалы болып келеді. Бірінші жағдайда ішкі ағзалардың тез әрі көп зақымдалуы орын алады. Жартылай жедел түрде ауруға конституционалды симптомдар (шаршау, әлсіздік, тершеңдік) тән. Ауру анда-санда асқынып, кейін ремиссиялар байқалады және алғашқы симптомдар пайда болғаннан кейін 2-3 жыл ішінде ағза мен жүйелерге залал келеді. Аурудың созылмалы ағымында бірнеше (немесе жалғыз) симптомдар басым түседі – Рейно синдромы, теріде бөртпе шығуы немесе гематологиялық бұзылыстар. 5-10 жыл өткен соң жүйке жүйесі мен бүйректің зақымдалуы басталады.

    Аурудың белсенділік дәрежесі туралы айтатын болсақ, СКВ-ге қатысты олардың үшеуі бар: төмен, орташа және жоғары. Оларды ревматолог-дәрігер талдау деректеріне негізделе отырып анықтайды.

    SКВ белгілеріне мыналар жатады:

    • Тірек-қимыл жүйесіндегі бұзылыстар (буын ауруы, әсіресе білек пен қол басы, қайталанатын артрит, полиартрит);
    • Дерматит, арқа мен бет сүйегінде кеуелетін эритематозды бөртпелер, көбелек пішінінде;
    • Дене қызуының көтерілуі;
    • Әлсіздік, ұйқысыздық, ашушаңдық;
    • Шаштың түсуі, тырнақтарының сынғыштығы;
    • Трофикалық жаралардың пайда болуы;
    • Салмақтың айтарлықтай жоғалуы;
    • Полисерозит (серозды қабықтардың бір мезгілде қабынуы);
    • Жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылыстары (перикардит, миокардит, эндокардит);
    • Көз жастарын шығаратын бездердің жұмысының бұзылысы (көздің құрғауы);
    • Бүйрек зақымдануы.

    Сонымен қатар теріде қызғылт дақтардың пайда болуымен сипатталатын дискоидты қызыл жегі кездеседі, уақыт өте келе олардың орнында тыртықты атрофия дамиды. Бұл аурудың белгілері азырақ айқын, бірақ кейде ол жүйелі қызыл жегіге ауысады.

    ДИАГНОСТИКА

    Диагноз әдеттегі клиникалық симптомдар және зертханалық зерттеулер нәтижелері негізінде қойылады.

    СКВ кезінде диагностикалық шараларға мыналар жатады:

    • Ревматологтың консультациясы мен қаралуы;
    • Зертханалық зерттеулер (қан және несеп талдауы, иммунологиялық зерттеулер);
    • Басқа органдар мен жүйелердің зақымдануы болған жағдайда олардың диагностикасы жүргізіледі. 

    ЕМДЕУ

    Қазіргі таңда жүйелі қызыл жегі жазылмайтын ауру болып табылады. Емдеудің мақсаты - өмірді ұзарту, ағзаларға зақым келтірмеу және өмір сапасын жақсарту. Жалпы ұсыныстарға келетін болсақ, күн сәулесінде мүмкіндігінше аз болу, психоэмоционалдық жүктемені барынша төмендету және қосымша ауруларды емдеу қажет.

    Цитотоксикалық препараттар, глюкокортикоидтер, стероидты емес қабынуға қарсы препараттар және басқалары қолданылатын медикаментозды ем жүргізіледі.

    АСҚЫНУЛАР

    Қызыл жегі ағзаның басқа жүйелерінің жұмысына маңызды асқынулар береді:

    • Жүрек-қан тамыр аурулары (Рейно синдромы, флебит, эндартерит, тромбоваскулит, перикардит, миокардит);
    • Өкпе мәселелері: қатты жөтел, қан түкіру және қатты ентікпе;
    • Бүйрек мәселелері: нефротикалық синдром, оқшауланған зәр синдромы;
    • Эписклерит (көз қабығының қабынуы);
    • Менингоэнцефалит, ол сал болып қалуға, психикалық бұзылыстарға немесе полиневритке әкелуі мүмкін;
    • Буындардың деформациясы, ол науқастардың 20%-ында қайтымсыз сипатқа ие. 

    АЛДЫН АЛУ

    СКВ алдын алуға болмайды. Жүйелі қызыл жегі ауруының профилактика шаралары аурудың асқынуын ескертуге жатады. Ревматологтың тұрақты бақылауы, дәрі қабылдау режимін қатаң сақтау, теңдестірілген тамақтану, тұрақты дене жаттығулары және т.б. қажет.