Шизофрения – бұл ауыр созылмалы психикалық бұзылыс (немесе бұзылыстар тобы), онда эмоционалдық реакциялар мен ойлау үдерістерінің бөлінуі орын алады. Әдетте жас кезінде пайда болады: ерлерде 18-25 жаста, әйелдерде - 26-45 жаста. Шизофрения үнемі, кезеңді немесе ұстама түрінде (так называемая шубообразная) өтуі мүмкін.
Аурудың даму себептері нақты анықталмаған. Шизофренияның пайда болуын түсіндіретін бірнеше теория бар: мидың дофаминергиялық нейрондық жүйесінде функционалдық бұзылулар («дофамин гипотезасы»); тұқым қуалаушылық бейімділік; ерте балалық шақтағы вирус инфекциялары немесе туылу кезінді жарақаттар; мидың жеткілікті жетілмеуі. Шизофренияның пайда болуына күшті стрес, ми жарақаты себеп болуы мүмкін деп есептеледі.
Шизофрения белгілері аурудың түріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Шизофренияны диагностикалау психосоциальды және биологиялық зерттеулер жүргізуге негізделген. Шизофренияны диагностикалау үшін ауру кем дегенде алты айға созылуы керек. Диагностика ауру тарихының және клиникалық көріністің деректерін талдауға негізделген. Отбасы мүшелері, достар, мұғалімдер және әріптестер сияқты үшінші тұлғалардан алынған ақпарат үлкен маңызға ие.
Пациенттің тұратын үй жағдайын, отбасыдаға қатынaс сипатын және олардың эмоционалдық қарым-қатынасының зерттеу және бағалау жүргізілуде. Биологиялық зерттеулерге мыналар кіреді: есіртке тұтынуды анықтауға арналған зертханалық тест, сондай-ақ мидың қандай да бір органикалық зақымдануын болдырмау үшін әртүрлі аспаптық және зертханалық зерттеулер: электроэнцефалография, компьютерлік аксиалдық томография, люмбальды пункция.
Аурудан толық арылудың жолы жоқ, емдеу симптомдарды басуға бағытталған.
Шизофренияның жедел ұстамаларын емдеу тұрақты немесе күндізгі стационарда психиатриялық клиникада өтеді. Қалған уақытта амбулаториялық емдеуді жүзеге асыруға болады.
Өкiнiшке орай, шизофренияның дамуын болдырмаудың жолдары жоқ. Бұл аурумен жақын туысқандары ауырған адамдарға ерекше назар аудару ұсынылады. Отбасында сенімділік атмосферасын сақтау және мінез-құлықтағы кішігірім өзгерістерге де назар аудару қажет. Диагноз неғұрлым ертерек қойылып, ем тағайындалса, аурудың дамуын тоқтату және науқастың әлеуметтік бейімделуін сақтау мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Егер ауру ремиссия күйінде болса, қайталанудың алдын алу тағайындалған дәрі-дәрмектерді және психотерапия әдістерін жүйелі түрде қабылдау арқылы жүзеге асырылады.