Себорея - тері май бездерінің дұрыс жұмыс істемеуінен туындайтын терінің ауыру жағдайы.
Себорея келесі түрлерде болады:
Дерматолог, трихолог немесе косметолог анамнез жинайды, себореяның дамуының тәуекелдерін анықтайды (жас, тұқымқуалаушылық, эндокриндік аурулар), науқасты қарайды, қажет болғанда келесі зерттеулерді тағайындайды:
Зерттеу нәтижелері бойынша науқасқа андролог, гинеколог, эндокринолог кеңесі ұсынылуы мүмкін.
Жыныстық жетілу кезеңінде беттегі (мұрында, маңдайда, иекте) себореяның орташа көріністері норма варианты болып табылады және емдеуді қажет етпейді. Безеулермен (акне) күрес бойынша ұсыныстарды біздің сайттағы тиісті мақалада оқуға болады. Алайда, егер безеулер мөлшері мен саны ұлғайса, бірігіп кетсе немесе қайызғаққа арналған кәдімгі шампуньдер әсер етпесе, дереу дерматологқа, косметологқа немесе трихологқа жүгіну қажет.
А, Е, С дәрумендерінен тұратын дәрумендік кешендерден басқа, жергілікті және жүйелі антифунгальды препараттар, антибиотиктер тағайындалады. Кейде санаторий-курорттық емдеу, физиотерапия ұсынылады.
Себореяның алдын алу - арандатушы факторларды жою (майлы және тұзды тағамдар, алкоголь және тәтті сусындар; стресстер), белсенді өмір салты; бет және бас терісінің гигиенасы мен күтімі.