16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Кене энцефалитi

    Кене энцефалитi - бұл негізгі жүйке жүйесін зақымдайтын өткір вирустық, табиғи-ошақты түрдегі ауру. Кененің шағуы арқылы беріледі. Энцефалит ми қабынуын білдіреді.

    Кене энцефалитінің қауіпті тобына дача тұрғындары, саяхатшылар, ауыл тұрғындары, орманшылар, геологтар, жол құрылысшылар, аңшылар және туристтер жатады. Соңғы жылдары энцефалиттік кенелер қалалардың жасыл аймақтарында жиі кездеседі.

    Диагностика

    "Кене энцефалиті" диагнозы келесі белгілер арқылы қойылады:

    • анамнезінде кененің шағуы (науқас шағу туралы білмеуі мүмкін);
    • жағдайының нашарлағанына объективті дәлелдер;
    • ентің кенесін (егер бар болса) кене энцефалит вирусының антигеніне зерттеу;
    • қан мен жұлын сұйықтығын энцефалит вирусына зерттеу (әртүрлі әдістермен).

    Симптомдары

    Инкубациялық кезең 4-14 күнге дейін созылады, кейде үш аптаға дейін созылады. Симптомдары 7-8 күндік үзіліспен екі толқында болуы мүмкін. Аурудың бастапқы кезеңінде байқалатындар:

    • қатты бас ауруы
    • құсу
    • жүрек айнуы
    • температураның 40 градусқа дейін көтерілуі;
    • бұлшықетте, бел аймағында ауырсыну;
    • жалпы әлсіреу.

    Аурудың әрі қарай дамуында болуы мүмкін:

    • жансыздану сезімі;
    • терінің сезімталдығының өзгеруі;
    • салдану, мимикалық бұлшықеттердің қозғалғыштығының бұзылуы, кейінірек басқа бұлшықеттер;
    • еріксіз бұлшықет қысылуы
    • бауырдың ұлғаюы, іштің кебуі.

    Алғашқы көмек

    Кене табылған жағдайда оны алып тастау қажет: май немесе спирттік сұйықты құйып, 20 минут күту, жіп немесе пинцетпен тербеліс қозғалыстарымен алып тастау.

    Алынған кенені банкаға салып, талдау үшін ауруханаға апарыңыз (немесе талдау үшін арнайы жасақталған мекемеге жеткізіңіз). Шағырылғандарды қабылдау пунктіне жүгініңіз, онда кене иммуноглобулинінің инъекциясын жасайды. Шағудан кейін 30 күн ішінде дәрігердің бақылауында болыңыз. Жоғарыда аталған симптомдар пайда болған жағдайда инфекционист дәрігерге дереу жүгініңіз.

    Емдеу

    Энцефалит симптомдары пайда болған кезде науқас дереу ауруханаға жатқызылады. Ауру тек қана дәрігердің бақылауымен күшті дәрі-дәрмектерді қолдануды талап етеді. Дезинтоксикациялық және жалпы күшейтуші терапия қолданылады.

    Асқынулары:

    • созылмалы вирус тасымалдаушылық;
    • жоғарғы аяқ-қолдардағы әлсіз паралич;
    • қозғалудың баяулауы;
    • көбінесе бас ауруы;
    • мимикалық бұлшықеттердің әлсіз қозғалуы;
    • бұлшықет көлемінің азаюы.

    Алдын алу

    • қалың өсімдіктер бар ашық жерге барар алдында жеңіл жабық киім, бас киім киіңіз, киімнің бос ұштарын қымтаңыз;
    • аллергия болмаған жағдайда киім мен аяқ киімді репелленттермен - жәндіктерді қорқытатын арнайы заттармен өңдеңіз;
    • құрғақ шөп, бұта өсімдіктері мол жерлерден аулақ болыңыз, ағаштардың астында ұзақ қалмаңыз;
    • кененің бар-жоғын тексеру үшін бір-біріңізді мезгіл-мезгіл тексеріңіз, тізе астындағы қуыстар, шынтақ иірімдері, құлақ айналасы, бас терісі, мойын, іш-аймақ сияқты дененің айрықша бөліктеріне мән беріңіз;
    • ашық жерде болған үй жануарларын тексеріңіз;
    • кенені табу шыққан жағдайда дереу алып тастаңыз;
    • егер қатер тобында болсаңыз - көктемгі кезең алдында кене энцефалитінің егулерін жасаңыз.

      Себептері:

    • қолыққан кененің шағуы;
    • кенені басып, жататын теріні ысқылау;
    • кенені дұрыс шығармау;
    • инфекцияланған жануардың (сиыр, ешкі) шикі сүтін тұтыну.