• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Катаракта (қазақша)

    Катаракта – көздің ең қауіпті ауруларының бірі.  Бұл   көз жітілігін төмендетіп қоймай, ақырында толық соқырлыққа әкелуі мүмкін. Статистика бойынша көрудің нашарлауы деген шағыммен келген науқастардың 1/3 бөлігіне осы диагноз қойылады.   

    10 адамның 9-ында бұл ауру жасқа байланысты болып табылады. Сонымен қатар егде жастағы адамдардағы соқырлыққа  осы катаракта әкеледі.  Статистика жас ұлғайған сайын нашарлайды: егер 50-60 жаста бұл ауру адамдардың 5%-да болса, 70-80 жаста науқастардың саны 9 есе ұлғаяды, яғни 45% болады.   

    Катаракта – көз бұршағының жартылай немесе толық бұлыңғырлануы. Көру қабілетінен  толық айырылуға алып келуі мүмкін. Статистика бойынша окулистке көрудің нашарлауы сияқты шағыммен келетін науқастардың 1/3-не осы диагноз қойылады.    

    Себептері

    10 адамның 9-ында бұл ауру жасқа байланысты болып табылады, 70-80 жаста науқастардың  45%-ында катаракта болады.  Көз бұршағының бұлыңғырлануына зат алмасу бұзылыстарының нәтижесіндегі жасқа байланысты өзгерістер және басқа да көз аурулары әкеледі.  

    Катаракта дамуының басқа да себептеріне жатады: 

    • генетикалық бейімділік;
    • көз жарақаты;
    • жүктілік кезінде анасының желшешек, герпес, қызылша қызамығы сияқты жұқпалармен ауруы;
    • науқас бала ата-аналарының резус-қайшылығы;
    • қант диабеті;
    • аштық;
    • авитаминоз;
    • созылмалы қаназдық;
    • көз, тері аурулары;
    • Даун синдромы;
    • улы өсімдіктер, химиялық заттар және дәрілік заттармен улану;
    • анасының жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, осыған байланысты ұрық қажетті оттегін ала алмайды, токсикоздар мен дәрумендердің жеткіліксіз мөлшері.

    Клиникалық белгілері

    Катарактаның негізгі белгісі көз алдындағы үлдірдің (пелена) болуымен сипатталады. Бұл симптом көз бұршағының бұлдырлануын тікелей растайды. Ол көру қабілетінің төмендеуімен қатар жүреді. 

    Сонымен қатар катарактаның симптомдарына мыналар жатады: 

    • түрлі түстерді қабылдаудың нашарлауы;
    • жарық көзі айналасында шеңберлердің пайда болуы;
    • күн сәулесі немесе жарық сәулеге сезімталдық;
    • түнгі уақытта көрудің нашарлауы;
    • кітап оқу кезінде жарық бөлмелерге жоғары қажеттілік;
    • қарашық түсінің өзгеруі (қарашық ағарыңқы, сары немесе сұр түсті болуы);
    • көзге қос көріну.

    Диагностикасы

    Диагнозды қою үшін аспаптық және электрофизиологиялық әдістер (көздің жітілігін, көздің көру аймағын анықтау, көзішілік қысымды, қасаң қабықтың алдыңғы қисықтығын өлшеу, көз түбін қарау) қолданылады. Зерттеудің электрофизиологиялық әдістеріне электрлік сезімталдықтың табалдырығы, көру жүйкесінің орнықсыздығы және жылтылдаулар бірігуінің критикалық жиілігі жатады.

    Емі

    Көзбұршағының бұлыңғырлануы қайтымсыз үрдіс болғандықтан, көру қабілетін қалпына келтіру үшін хирургиялық ем көмектесуі мүмкін. Ота жасау барысында тоннельді экстракция мен дыбыстық факоэмульсификация қолданылады. 

    Тоннельді экстракция кезінде зақымданған көз бұршағын ұзындығы 3,5 мм артық емес микроскопиялық тілімдер арқылы  алып тастайды. Ультрадыбыстық факоэмульсификация кезінде көзбұршағы ұзындығы 2 мм-ге дейінгі тілімдер арқылы дыбыс көмегімен алынады.  Тілімдер тігуді қажет етпейді, себебі олар өздігінен регенерацияланады.  Алып тасталған көзбұршағының орнына көз аппаратына интраокулярлық линза салынады. Ол алынған дененің қызметін толықтай атқара алады.  

    Алдын алу

    • Офтальмологқа үнемі қаралу;
    • Көзге ультракүлгіннің әсер мөлшерін азайту мақсатында күннен қорғайтын көзілдірік пайдалану;
    • А, С дәрумендері мен каротинодтарға бай азық-түлік өнімдерін қолдану;
    • Қанда қант деңгейін бақылау;
    • Көзді уқалау сияқты қауіпті әдеттен арылу және көзге инфекция түсу қаупін азайту үшін қолды үнемі жуу;
    • Темекі шегу, ішімдік ішу сияқты зиянды әдеттерден арылу.

     

    Алайда, алдын алу шараларына қарамастан, аурудың айналып өтетініне кепілдік берілмейді.  Қауіп-қатер тобына 65 жастан асқан барлық адамдар кіреді.   

    Пікірлерді оқыңыз, сұрақтарды қойыңыз, ыңғайлы болған әдіспен офтальмологтың кеңесіне жазылыңыз:

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмірі бойынша хабарласу.