• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Тіс жегісі

    Кариес – бұл тіс қатты тіндерінің бұзылуы. Ол жергілікті аймақтан минералдардың жуылуынан басталады, бұл тіс эмалының жұмсаруына және қуыстың пайда болуына әкеледі.

    Кариес жер бетіндегі ең көп таралған ауру болып саналады: халықтың 95%-на дейін кариеспен ауыратын тістерге ие, соның ішінде балалар да.

    Тіс эмалі — адам организміндегі ең қатты ұлпа, бірақ ол азық-түлікте болатын көмірсулардың ыдырауы кезінде пайда болатын қышқылдардың әсеріне ұшырайды.

    Бастапқыда кариес эмальдағы дақ түрінде байқалады, содан кейін тістің беткі қабаты бұзылады. Егер шаралар қабылданбаса, тесік («қуыс») пайда болады, ол пульпаға дейін (тістің ортасындағы жүйке, қан тамырлары және лимфа тамырлары арқылы торланған жұмсақ тін) тереңдей алады.

    Кариесті жіктеудің ең қарапайым және ыңғайлы түрі келесідей:

    • дақ сатысындағы кариес (бетінде ақ немесе қара дақ пайда болады, эмаль зақымдалмайды; бұл емдеуде ең оңай кезең, тіс тіндеріне механикалық араласуды қажет етпейді);

    • беткейлік кариес (дақ шершавый бола бастайды, тіс суық-ыстыққа және тәтті тағамдарға сезімтал болуы мүмкін);

    • орташа кариес (түшік эмальден өтіп, келесі қабатқа - дентинге жетті; тіс ауыра бастайды);

    • терең кариес (қуыс пульпаға дейін тереңдеді, бірақ оған енген жоқ);

    • пульпит (тіс ұлпасының қабынуы - тіс ішіндегі тіндердің қабынуы; өткір, соққылы ауырсыну, түнгі ауырсыну);

    • периодонтит (тістің түбірінен тыс тіндердің қабынуы).

    Диагностика

    Кариес ауруының болуы және оның даму дәрежесі негізінен стоматолог-дәрігерге тексеру кезінде айқын болады. Әдетте, стоматолог-терапевт стоматологиялық айна мен зондты (металл үшкір ілмек), тісі қағып тексеруді (перкуссия) пайдаланады. Суытуға реакцияны анықтау үшін дәрігер тісті сумен немесе суық ауамен үрлейді. Поражені анықтау немесе жасырыңған кариесті анықтау үшін рентгенография, электроодонтодиагностика қолданылады.

    Белгілері

    Кариес дақты кезеңде симптомдары болмайды, тек түсінің өзгеруі, тістің жылтырының жоғалуы байқалады, өте сирек — суық-ыстыққа реакциясы болады. Басқа кезеңдер үшін келесі сипаттамалар тән:

    • тәтті/қышқыл тағамнан ауырсыну;
    • суық немесе ыстық тағам/сусын/ауадан ауырсыну;
    • тісті щеткамен тазалау кезінде ауырсыну;
    • тітіркендіргішті (тәтті, суық, ыстық) жойғаннан кейін ауырсыну;
    • құлаққа, самайға беретін, шаншып, солқылдатып,бас ауруына әкелетін ауырсыну;
    • түндегі ауырсыну;
    • тіске қысым жасағанда немесе тіске түскенде ауырсыну (периодонтит белгісі).

    Алғашқы көмек

    Тіс ауруы кезінде үй жағдайында келесі шараларды қабылдауға болады:

    • тіс щеткамен мұқият тазалап, тістер арасындағы аралықтарды тіс жібімен тазалау;

    • тұзды ерітіндімен (1 шай қасық бір стақан жылы суға); фурацилин ерітіндісімен, йодпен (2-3 тамшы бір стақан суға);

    • түсініктемесінде «тіс ауруы» деген тармағы бар ауырсынуды басатын дәріні қабылдаңыз; егер мұндай дәрі болмаса, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, анальгин, парацетамол, аспирин ішуге болады;

    • дәрілер болмаған жағдайда кез келген күшті тәтті емес алкогольді ішімдікті (арақ, коньяк) аузыңызда бірнеше минут ұстаңыз; ауру тіске валерьянка, валокордин немесе қалампыр майымен сіңдірілген мақта қойыңыз; тұздалмаған майдың кішкене бөлігін жағыңыз.

    Барлық аталған шаралар тек уақытша ғана, дәрігердің қабылдауына дейін шыдауға арналған. Қазір әрбір қалада тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейтін стоматологиялар бар. Ал анестезиялау құралдары сіз стоматолог кабинетінің табалдырығын аттасаңыз, ауырсынуды естен шығаруға мүмкіндік береді.

    Емдеу

    Ерте кезеңде тістің (тістердің) реминерализациясы арнайы препараттарды аппликациялау, электрофорез арқылы жүзеге асырылады.

    Орташа және терең кариес кезінде стоматолог-терапевтер зақымданған тіндерді құм бүріккіштер (Air Flow типті) немесе әртүрлі насадкалармен стоматологиялық бор (бормашина) арқылы алып тастайды, дезинфекциялайды және қуыс үңгіліп, пломб салады.

    Пульпитке қарай депульпация (тістің нервін алып тастау) қажет. Мұндай жағдайда тіс дәрігері әдетте тісті ауырсындырмайды, бордың көмегімен кариозды жерлерді алып тастайды, тесікті пульпаға дейін бұрғылап, нервті алып тастайды. Содан кейін қуысқа антибактериалдық препарат салынып, тіс уақытша пломба арқылы жабылады. Бірнеше күннен кейін қабынудың басылғандығына көз жеткізіп, тұрақты пломба немесе салым, түйін салынып, тіс тәжбен жабылады және т.с.с. Кейде пульпитті емдеуді бір баруда-ақ орындап қояды.

    Зақымдану деңгейіне байланысты қазіргі стоматология үнемі жетілдіріп отыратын әртүрлі әдістер мен материалдар қолданылады. 2010 жылдан бастап бұрғыламай кариесті емдеу әдісі белгілі болды. Француз дәрігерлері тіс қуысына немесе жанындағы меланоциттерді ынталандыратын гормондарды қолдануды ұсынды. Нәтижесінде тіс жасушалары көбейе бастайды және «тесік» қаптайды.

    Алдын алу:

    • ауыз қуысының гигиенасы (тіс күтімі — кешке ұйықтар алдында және таңғы астан кейін тістерді екі рет тазалау; әрбір тамақтан кейін ауызды шаю; тіс жіптерін қолдану);

    • стоматологқа тұрақты қаралу жылына кемінде 1 рет;

    • дұрыс тамақтану, тәттілерді тұтынуды азайту;

    • емдік-профилактикалық тіс пасталарын қолдану;

    • ополаскивательлерді және ксилитпен сагызды қолдану.

    Асқынулар

    Кариестің пульпит және периодонтиттен басқа, гранулема (тіс түбірінің ұшындағы іріңді «қапшық»), периостит («флюс»), флегмона, абсцесс сияқты асқынулары бар. Ең қауіпті асқынулардың бірі - остеомиелит (жақсүйектің іріңді қабынуы).

    Созылмалы инфекция көзі ретінде кариес гайморит, баспа, бронхит артрит, васкулит, склеродермия және т.б. тудыруы мүмкін.

    Себептері

    Тіс кариесінің негізгі себебі - көмірсулардың ферментациясы кезінде, яғни ауыз қуысында тамақ ыдыраған кезде пайда болатын қышқылдардың тіс тініне әсер етуі.

    Көмірсулар стрептококк түріндегі бактериялар мен кейбір сүтқышқылды бактериялардың әсерінен ашиды, яғни қышқылға айналады, ол тіс эмалін жейді.

    Кариестің дамуына гигиена ережелерін сақтамау, сілекейдің химиялық құрамының ерекшеліктері, тағам рационында көмірсулы өнімдердің көп болуы, сондай-ақ организмнің жалпы қорғаныс күштерінің төмендеуі ықпал етеді.