16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Кандидоз

    Кандидоз – Candida тұқымдас саңырауқұлақтар тудыратын инфекцияның бір түрі. Теріні, шырышты қабықтарды, тырнақтарды, жыныс мүшелерін, ішектерді, жүйке жүйесін, тыныс алу органдарын, тірек-қимыл аппаратын және т.б. зақымдайды. Кандидоздың генерализацияланған түрі бар, ол кезде көптеген ішкі органдар бір уақытта зақымдалады.

    Candida саңырауқұлақтары ауыз қуысының, қынаптың, ішектің қалыпты микрофлорасында болады, бірақ олардың шамадан тыс көбеюі немесе әсіресе патогенді штаммдарының енуі ауруды қоздырады.

    Диагностика

    Негізгі рөлді зертханалық талдаулар атқарады: бактериоскопиялық, қоздырғышты биологиялық материалда (жағынды, шырышты қабықтың қырындысы) микроскоппен анықтау; биологиялық материалды қоректік ортаға салып, көбейткеннен кейін микроскоппен анықтайтын бактериологиялық талдау.

    Белгілер

    Кандидоз белгілері оның орналасуына байланысты. Бұл сыртқы жыныс мүшелеріндегі қышу және күйдіру, тілдегі ақ іріткі тәрізді жабын, тырнақтың пішінінің өзгеруі, терідегі бөртпе, іштің ауыруы және т.б. болуы мүмкін.

    Бірінші көмек

    Зақымдалған тері, шырышты қабық немесе тырнақ аймағын дезинфекциялық ерітіндімен өңдеңіз немесе қарсы кандидозды жақпа маймен жағыңыз.

    Емдеу

    Кандидозды емдеу қоздырғышты жоюға немесе кем дегенде көбеюін төмендетуге бағытталған. Бұл үшін таблетка, жақпа май, спрей, қынаптық шам, жуу немесе шаю сұйықтық түріндегі қарсы саңырауқұлақ препараттары қолданылады. Зақымдану орнына байланысты емдеу дерматолог, гинеколог, инфекционистподолог тағайындайды.

    Асқынулар:

    • зәр-жыныс жүйесінің қабыну аурулары
    • инфекцияның босану кезінде анадан балаға берілуі
    • процестің хронизациясы
    • саңырауқұлақтардың қан ағымына енуіне байланысты - генерализацияланған кандидоз, сепсис қаупі.

    Алдын алу

    Антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауы бойынша, қажетті дозада және қажетті ұзақтықта қабылдау. Антибиотиктер қабылдау кезінде және/немесе кейін саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды дәрігердің нұсқауы бойынша қабылдау. Сүт-қышқылды өнімдер, сарымсақ, прополис, грейпфруттар пайдалану; мақтадан жасалған іш киім кию, тым тар іш киімдер мен шалбарлардан бас тарту. Жеке гигиенаны сақтау; организмнің инфекцияларға қарсы жалпы иммунитетін арттыру.

    Себептер

    Кандидоз антибиотиктерді, кортикостероидтерді, цитостатиктерді (ісікке қарсы препараттар) қабылдаудан; созылмалы инфекциядан (туберкулез, ЖИТС және т.б.); иммунитеттің төмендеуіне әкелетін созылмалы қабыну процесінен; қалқанша без функциясының бұзылуынан (гипо- және гипертиреоз), қант диабеті, семіздік, аналық бездердің дисфункциясынан туындауы мүмкін.

    Сонымен қатар, кандидоз факторларының арасында шамадан тыс шаршау, стресстер, ұйқысыздық; дұрыс тамақтанбау, синтетикалық маталардан жасалған іш киім кию; гигиеналық нормаларды сақтамау атап өтіледі.