• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Жатыр мойны обыры (Рак шейки матки қазақша)

    Жатыр мойны обыры - жатыр мойны тінінің жасушаларынан пайда болатын қатерлі ісік. Онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обыры жағдайлардың жиілігі бойынша әлемде 3-ші орында.

    ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

    Ерте кезеңдерде жатыр мойны обырының белгілері жиі байқалмайды. Кейінірек келесі белгілер пайда болуы мүмкін: геморрагия, қынаптан жыныстық қатынастан кейінгі бөлінулер, етеккір циклінің ортасында немесе аяқ астынан қан ағу болады. Арқадағы, аяқтардағы ауырсыну, зәр шығару кезіндегі ауырсынулар болуы мүмкін.

    СЕБЕПТЕРІ

    Ғалымдар, ең алдымен, жатыр мойны обырының дамуына адам папилломавирусы (ЖЖБИ) әсер ететінін дәлелдеді. Адам папилломавирусы қатерлі ісіктің осы түрімен ауыратын науқастардың 100% - да анықталады. Сонымен қатар, аурудың 70% - да 16 және 18 штамм адам папилломавирустары жауапты.

    ДИАГНОСТИКА

    Жатыр мойны обырын ерте анықтаудың маңызды факторларының бірі-тұрақты гинекологиялық тексеру.

    Диагностикалық шаралар кешеніне мыналар кіреді:

    • Гинеколог және онкологтың кеңесі;
    • Қынапты пальпациялық гинекологиялық тексеру;
    • Тік ішек арқылы тексеру;
    • Кольпоскопия;
    • Жатыр мойны биопсиясы;
    • Жатыр мойны каналын гистологиялық талдаумен кюретаждау;
    • Қандағы ісік маркерлерінің деңгейін анықтау;
    • Онкоцитологияға жағынды;
    • Жамбас және іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуі және МРТ.

    ЕМІ

    Жатыр мойны обырын емдеу кешенді жүргізіледі:

    Хирургиялық емдеу (қатерлі ісік аймағын жатыр мойнының бір бөлігімен немесе бүкіл жатырмен алып тастауға болады). Кейде операция жамбас пен аналық бездердің лимфа түйіндерін жоюмен толықтырылады;

    Сәулелік терапия (иондаушы сәулемен емдеу). Бұл әдіс жатыр мойны обырын емдеудің жетекші әдісі болып табылады және көбінесе химиотерапиямен бірге,тек  3-4 кезеңде хирургиялық араласудың мүмкіндігінсіз жузеге асады;

    химиотерапия (қатерлі ісік жасушаларының өсуіне және ыдырауына жол бермейтін дәрілер).

    АСҚЫНУЛАР

    • Қатерлі ісіктің қайталануы;
    • Бедеулік (жатырды алып тастағанда);
    • Жүктіліктің үзілуі немесе ерте босану (жүкті әйелдерде);
    • Жамбас лимфа түйіндеріндегі ошақтар және сирек – шап түйіндері;
    • Бүйректегі, бауырдағы, өкпедегіметастаздар;
    • Ісіктің таралуынан немесе ол тудырған кедергілерден өлімнің болуы.

    АЛДЫН АЛУ:

    • Жылына кемінде бір рет (әсіресе 35 жастан кейін) цитологиялық зерттеуі бар жағындыны гинекологтың тұрақты тексеруі;
    • Адам папилломавирусының ПТР диагностикасы;
    • Жатыр мойны обырына қарсы егу;
    • Презервативтерді қолдану;
    • Кездейсоқ жыныстық қатынастарды болдырмау;
    • Жеке гигиена ережелерін сақтау;
    • Жыныстық қатынас арқылы берілетін жұқпалы-қабыну ауруларын уақтылы емдеу;
    • Жиі түсік жасатуды, кюретажды болдырмау.