16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Эректильді дисфункция (Импотенция)

    Эректильді дисфункция (Импотенция) – бұл жыныстық қатынасқа қажетті эрекцияның жетіспеушілігі немесе оны ұстау қабілетінің болмауы. Бұл ауру эякуляция функциясымен немесе шәует шашумен байланысты емес.

    Эректильді дисфункцияның 3 негізгі түрі бар:

    • органикалық импотенция – адамның соматикалық ауруларының асқынуы ретінде дамиды, 80% жағдайда диагноз қойылады;
    • психологиялық импотенция – күйзеліске ұшырау, психологиялық жарақат, созылмалы шаршау және т.б. салдары ретінде пайда болады;
    • аралас.

    СЕБЕПТЕРІ

    Эректильді дисфункцияның пайда болу себептері эрекция механизмі бұзылуының түріне байланысты. Психологиялық эректильді дисфункция көбінесе депрессиялық күйге, жақындықтан қорқуға, қатынастардағы жоғары кернеуге, кінә сезіміне, психологиялық жарақатқа және басқа себептерге байланысты туындайды.

    Органикалық эректильді дисфункция себепке байланысты бірнеше түрге бөлінеді.

    Нейрогендік эректильді дисфункция инсульт, үлкен эпилепсиялық талмалар, сеппей склероз, омыртқа жарақаттары, нейропатия, кіші жамбас аймағындағы нервтік өрімдердің зақымдануы және басқа да неврологиялық тобындағы аурулар салдарынан пайда болады.

    Қан тамырлық эректильді дисфункция қан тамырларының зақымдануы нәтижесінде пайда болады, оның себебі қан тамырлары патологиялары, веноздық жеткіліксіздік, артериялдық гипертензия, варикозды веналар, жамбас және аралық аймақтың жарақаттары, атеросклероз. Қан тамырлық импотенция ең көп тараған түрі болып табылады.

    Медикаментозды эректильді дисфункция әртүрлі медикаментозды препараттарды, атап айтқанда психотропты, антидепрессанттарды, гипотензивті және т.б. қабылдаудан туындайды.

    Гормоналды эректильді дисфункция - еркектің жыныстық гормоны - тестостерон деңгейінің төмендеуімен пайда болады. Бұл бұзылыста сонымен қатар денедегі түктің өзгеруі немесе либидоның төмендеуі байқалады. 

    СИМПТОМДАРЫ

    Психологиялық эректильді дисфункцияның симптомдары мыналар:  

    • дисфункцияның кенеттен пайда болуы;
    • түнгі уақытта спонтанды эрекцияның пайда болуы;
    • эрекцияның эпизодтық жоқ болуы;
    • депрессия, қатты стресс, алаңдау, қарым-қатынас проблемалары.

    Органикалық эректильді дисфункцияның белгілері мыналар: 

    • аурудың біртіндеп дамуы;
    • түнгі уақытта спонтанды эрекцияның жоқтығы;
    • эрекцияның жүйелі түрдегі жоқ болуы;
    • либидо және эякуляция қалыпты.

    ДИАГНОСТИКА

    Эректильді дисфункция диагностикасын уролог дәрігері жүргізеді және бұл шараларға мыналар кіруі мүмкін:

    ·         анамнез жинау;

    ·         несеп-жыныс, қан тамыры және жүйке жүйелерін зерттеу;

    ·         тестостерон деңгейін анықтау үшін талдау;

    ·         кемшіліктерді, ісіктерді анықтау үшін зерттеу;

    ·         жасушалардың көлемін, бляшкалардың бар-жоғын тексеру үшін гениталияларды физикалық тексеру;

    ·         простата көлемін бағалау үшін тік ішекті зерттеу;

    ·         қан ағымы бұзылуын анықтайтын допплерография;

    ·        тактильдік сезімталдықты тексеруге арналған биотезиметрия.

    ЕМДЕУ

    Емдеуге келгенде бұл бұзылыстың пайда болу себебін жою маңызды. Психологиялық эректильді дисфункция жағдайында  психотерапия жүргізіледі. Сондай-ақ дисфункцияны емдеу дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту, дене белсенділігі, стрессті болдырмау, дене салмағын қалыпқа келтіру (қажет болған жағдайда) кіреді.

    Емдеу кезінде потенциалды арттыруға көмектесетін дәрі-дәрмектер қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда хирургиялық араласу қолданылады. 

    АСҚЫНУЛАР

    Жыныстық өмірдің жеткіліксіздігі мен сапасының төмендеуі жамбас қуысында қабыну процестері мен тоқырау құбылыстарына, жұмыртқаның, қосалқылардың, ұрықтардың қабынуына, созылмалы простатитке әкелуі мүмкін. Дисфункция да депрессия, психоздар, невротикалық бұзылыстар тудыруы мүмкін.

    АЛДЫН АЛУ

    Эректильді дисфункцияның алдын алу аурулардың ерте диагностикалауын, дұрыс тамақтануды, шылым шегуден және алкоголден бас тартуды, тұрақты физикалық жаттығуларды, стресстен арылуды қамтиды.