• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Ойынқұмарлық

    Ойынқұмарлық (лудомания) – құмар ойындарға патологиялық бейімділік. Ойнауға үнемі ұмтылу адамның өмірінде басым болады, салдарынан ол жұмысынан босату, жақындарымен қақтығыс, ажырасу және т.б. әкелетін орықсыз және ақылға сыймайтын шешімдер қабылдайды.

    СЕБЕПТЕРІ

    Ойын барысында эндорфин гормоны бөлініп, нәтижесінде есірткіге ұқсас әсер туындайды. Адам эмоциялар жиынтығын сезінеді: құмарлық, күту және жеңіс қуанышы, жеңіліс қайғысы және т.б.

    Ойынқұмарлықтың даму себептеріне мыналар кіреді:

    ·           психикалық бұзылулар;

    ·           мінез ерекшеліктері (комплекстер, ұялшақтық, төмен өзін-өзі бағалау);

    ·           қарым-қатынас тапшылығы;

    ·           отбасылық қақтығыстар;

    ·           әлеуметтік фобиялар.

    СИМПТОМДАРЫ

    Ойынқұмарлықтың симптомдары:

    • ойынды құштарлықпен жақсы көрінуі, ойын жиілігінің біртіндеп артуы;
    • қызығушылықтардың өзгеруі, бұрынғы мотивтердің ойынмен алмасуы;
    • ойынды тоқтата алмайтындық;
    • кезекті ойыннан кейін дамитын депрессия, дисфория, ашулану, мазасыздық;
    • бас ауруы, ұйқының бұзылуы, назар аударудың бұзылуы;
    • суицидтік айтылымдар және олардың орындалуына бейімділік.

    ДИАГНОЗДЫҚТЫ

    «Ойынқұмарлық» диагнозы психиатр немесе нарколог дәрігермен науқас және оның туыстарымен сөйлесу барысында қойылады. Сөйлесу барысында ойынқұмарлар әдетте фактілерді жасырып немесе мәселенің маңыздылығын төмендетеді. Сондықтан дәрігер негізгі ақпаратты науқастың туыстарынан алады.

    ЕМДЕУ

    Пациенттердің көпшілігі психологиялық тәуелділік бар деп мойындамайтындықтан, бастапқы кезеңде науқастың ойынға патологиялық құмарлығын түсіну маңызды. Сондай-ақ, бұл аурудың түбір себебін анықтап, сонымен күресу маңызды. Ойынқұмарлықты емдеу үшін кешенді тәсіл қолданылады - психотерапия мен дәрілік терапия. Көбінесе емдеу наркологиялық немесе психиатриялық бөлімінде стационарлы түрде жүргізіледі.

    Психотерапевтік емдеуге ойынның салдарларын минимизациялау, депрессиямен, жалғыздықпен, мазасыздықпен күресу, ақшамен байланысты жағдайларда тәуекелді азайту, басқа хоббилерге қызығушылық, эмоцияларды басқаруды үйрену және тағы басқа нәрселер кіреді.

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Ойынқұмарлықтың негізгі салдарлары психикалық денсаулықтың нашарлауы болып табылады - суицидтік тенденциялар мүмкін, жақын адамдардың психологиялық қысымы, қоғамның психологиялық қысымы, отбасылық және әлеуметтік мәртебенің төмендеуі, мазасыздықтарымен, кінә сезімімен, жеке және әлеуметтік сәтсіздік сезімдерімен қосарланады.

    АЛДЫН АЛУ

    Алдын алу мақсатында құмар ойындардан аулақ болу және адамдардың ойын ойнайтын орындарға бармау ұсынылады.