Гипотиреоз — клиникалық синдром, яғни қалқанша без гормондарының деңгейі төмендеуі салдарынан болатын ауру.
Мың әйелден 20-сы және мың ер адамнан 1-і осы аурумен ауырады. Балаларда гипотиреоз көбіне туа біткен болып, ақыл-ой және физикалық дамудың артта қалуына себеп болады.
Балаларда (2-ден 6 жасқа дейінгі кезеңде немесе жыныстық жетілу кезеңінде көрініс береді):
ақыл-ой дамуының артта қалуы;
жыныстық дамуының және өсуінің артта қалуы
жиі инфекциялық аурулар;
семіздік.
Ересектерде:
шаршағыштық, енжарлық, ұйқышылдық, әлсіздік;
ес және зейіннің нашарлауы;
депрессиялық көңіл-күй;
суықты тұрақты сезіну.
Ауыр жағдайларда:
шаштың түсуі;
тері құрғақтығы және босаңдығы, шаш пен тырнақ сынғыштығы;
ісіну;
семіздік;
іш қату;
бұлшық ет және буындар ауыруы, кеуде сүйегінің артындағы ауырсыну;
бас ауруы;
брадикардия (жүрек ырғағының баяулауы);
әйелдерде етеккір циклінің бұзылуы;
ер адамдарда потенцияның төмендеуі.
Эндокринолог дәрігер тексеру кезінде науқас терісі мен шашының жағдайына ерекше назар аударады. Артериялық қан қысымы және тамыр соғысы өлшенеді. Көптеген жағдайларда қалқанша безінің көлемінің ұлғаюы көзбен көріледі. Диагнозды нақтылау үшін қалқанша безінің гормондары (Т3, Т4, ТТГ) деңгейіне зертханалық талдау жасалып, қалқанша безінің УДЗ жасалады.
Гипотиреоздың мүмкіндігін көрсететін белгілер анықталған жағдайда, эндокринолог дәрігерге шұғыл түрде жүгіну қажет. Қалқанша без гормондарының дисбалансы көптеген ішкі органдарының дұрыс қызметінің тоқтауына алып келеді. Өзін-өзі емдеу, оның ішінде йод препараттарын қолдану денсаулыққа өте қауіпті.
Жасанды синтезделген қалқанша без гормондарын алмастыратын терапия. Препараттарды қабылдау схемасын тек эндокринолог дәрігер қатаң түрде жеке анықтайды, ол қандағы гормон деңгейіне негізделеді. Препараттарды өз бетінше қабылдау ағзаға түзетілмейтін зиян келтіруі мүмкін.
Йодқа бай тамақтану, стресс, жүйке және физикалық асқынуын шектеу. Диетаға теңіз балығы, кальмар, асшаян, мидия, теңіз капустасы, қызылша, сәбіз, қызанақ, картоп, шпинат, інжір, кептірілген өрік пен құрма, қарақұмық, жаңғақ, тауықтың сарысы және бауыр сияқты тағамдарды қосу керек.
Балаларда: ақыл-ой және физикалық дамудың артта қалуы, тіпті кретинизм
Жүкті әйелдерде: түсік, ерте босану, ұрық дамуының аномалиялары, ұрықтың төмен массасы, босану және босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқынулар (қан кету)
Ересектерде және қарт адамдарда: ишемиялық ауру, бедеулік, гипотиреоидты кома, онкологиялық аурулар.
қалқанша безінің қабынуы;
қалқанша безіндегі аутоиммундық процестер;
қалқанша безінің туа біткен деформациясы немесе қалқанша безінің гормондарының алмасуындағы тұқым қуалайтын бұзылыстар;
қалқанша безіндегі жаңа өспелер;
йодтың, селеннің тапшылығы;
кейбір емдеу түрлері.