16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы (ГЭРА)

    Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы (ГЭРА) – созылмалы қайталанатын ауру, онда асқазанның мазмұны өңешке кері өтеді, бұл оның қабырғаларының тітіркенуіне әкеледі.

    Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруы екі түрге бөлінеді: эзофагитпен және эзофагитсіз. Бірінші жағдайда өңеш қабырғасының қатты өзгерістері пайда болады, жаралар, эрозиялар және өңеш рагына дейінгі басқа да маңызды мәселелер байқалады. Эзофагит болмағанда өңеш қабырғасының өзгерістері байқалмайды.

    СЕБЕПТЕРІ

    Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының дамуына келесі себептер ықпал етеді:

    • төменгi өңеш сфинктерінің тонусының төмендеуі;
    • асқазан мен өңештің активтілік дисбалансы;
    • асқазанның қорғаныс қасиеттерінің төмендеуі;
    • оның мазмұнының жоғары қышқылдығы;
    • ішкі іштік қысымның жоғарылауы;
    • өңештің өзін-өзі тазарту қабілетінің төмендеуі.

    Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының дамуына келесі факторлар әсер етуі мүмкін: диафрагманың өңеш тесігінің грыжасы, стресс, темекі шегу, теңгерімсіз тамақтану, семіздік, асқазанға теріс әсер ететін дәрілер.

    СИМПТОМДАРЫ

    ГЭРА келесі симптомдарға ие:

    • жанып, ашып мазалану, ащы немесе қышқылдың кежегесі;
    • жұтыну бұзылуы;
    • жүрек айну және құсу (әдетте тағам тұтынғаннан кейін);
    • іштің кебуі;
    • тамақпен тез қанығу;
    • кеуде қуысының ауруы (жұтынғанда күшейеді);
    • жөтел, тамақтың ауруы;
    • жоғары сілекей шұбырыну;
    • ауыздан шыққан жағымсыз иіс.
    • тіс жегісі және эмальдің сезімталдығының жоғарылауы;
    • көмей немесе жұтқыншақ қабынуы;
    • мұрын қосалқы қуыстарының қабынуы.

    ДИАГНОСТИКАСЫ

    Диагностикалық шаралар кешеніне келесі іс-шаралар кіруі мүмкін:

    • анамнез жинау, пациентті қарау;
    • өңештің эндоскопиялық зерттеуі;
    • өңештің рентгенологиялық зерттеуі;
    • лабораториялық зерттеулер;
    • тәулік бойы pH-метрия;
    • өңеш сфинктерлерінің манометрикалық зерттеуі.

    ЕМІ

    Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруын емдеу кешенді әдісті талап етеді және оның құрамына мыналар кіреді:

    • дәрілік емес әдістер (диета, зиянды әдеттерден бас тарту, дене салмағын қалыпқа келтіру, ауыр физикалық жұмыстан бас тарту, стресстерді болдырмау, бос киім кию);
    • медикаментозды терапия;
    • хирургиялық араласу (ауыр жағдайларда).

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Емделмеген жағдайда ГЭРА келесі асқынуларға әкелуі мүмкін:

    • жара;
    • Баррет өңезі - өңеш шырышты қабығының патологиялық өзгерістері, бұл кейіннен қатерлі ісіктің түзілуіне әкелуі мүмкін;
    • өңеш рагы;
    • өңеш қан кетулері;
    • анемия;
    • кейбір жұқпалы аурулардың пайда болуы: саңырауқұлақтар, герпес және тағы басқа.

    АЛДЫН АЛУ

    Гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының алдын алуға мыналар жатады: салмақты қалыпқа келтіру, салауатты өмір салты, тағамды құрғақ емес қабылдау, төменгі сфинктерді босаңсытатын тағамдарды алып тастау (майлы, ет, кофе, шоколад және т.б.), қатты физикалық жүктемелерді болдырмау, жиі еңкеюмен байланысты әрекеттерден бас тарту.