• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Фолий қышқылы тапшылығы анемиясы

    Фолий қышқылы тапшылығы анемиясы – бұл қан ауруы, ол ағзада фолий қышқылының төмендеуімен сипатталады. Фолий қышқылы тағам арқылы ағзаға түседі және ішекте синтезделеді, алайда фолий қышқылы тапшылығы анемиясында бұл процесс бұзылады. Ауру өте кең таралған және жаңа туған сәбилер, белсенді өсу кезеңіндегі балалар, жүкті және бала емізетін әйелдер, қарт адамдар жиі зардап шегеді. 

    СЕБЕПТЕРІ 

    Фолий қышқылы тапшылығы анемиясы дамуының себептері мынадай:

    • теңгерімсіз тамақтану;
    • асқазан-ішек жолдарының аурулары;
    • фолий қышқылына ағзаның қажеттілігінің артуы;
    • ағзадан фолий қышқылының жоғары шығарылуы (бауыр ауруларында және гемодиализ кезінде);
    • ұзақ мерзімді дәрілік терапия;
    • паразиттік инфекциялар;
    • алкогольді шамадан тыс қолдану.

    СИМПТОМДАРЫ

    Фолий қышқылы тапшылығы анемиясының симптомдары мыналар:

    • тері мен шырышты қабықтардың сарғыш реңкі бар бозаруы;
    • жүрек соғысының жиілеуі;
    • жылдам шаршау, ашушаңдық;
    • ентігу;
    • тәбеттің төмендеуі;
    • есте сақтау және тепе-теңдік мәселелері.

    ДИАГНОСТИКА

    Диагностикалық шаралар кешені анамнез жинауды, науқасты тексеруді, сондай-ақ бірқатар зертханалық зерттеулерді қамтиды: фолий қышқылының деңгейіне талдау, жалпы және биохимиялық қан талдауы, жалпы несеп талдауы, нәжістің паразитологиялық талдауы, сүйек кемігін пункциялау, рентгенография, ФЭГДС.

    ЕМДЕУ

    Фолий қышқылы тапшылығы анемиясын емдеу фолий қышқылы бар препараттарды қабылдау және теңгерімді тамақтанумен жүзеге асырылады. Дәрілік препараттың дозасын отбасы дәрігері, терапевт немесе гематолог аурудың ауырлығына байланысты тағайындайды. Емдеу процесінде фолий қышқылы деңгейін бақылау үшін қайтадан қан талдауын жасау қажет. Ауыр жағдайларда, пациентті ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындауы мүмкін. 

    АСҚЫНУЛАРЫ 

    Фолий қышқылы тапшылығы анемиясы болжамы қолайлы аурулар қатарына жатады және көбінесе ешқандай асқынулар туғызбайды. Сирек жағдайларда мынадай асқынулар болуы мүмкін:

    • невропатия;
    • ұрықтың жүйке түтігінің даму ақауларының қалыптасуы (жүкті әйелдегі анемия кезінде);
    • қанның ұюының жоғарылауы, тромбтардың түзілуі;
    • сперматозоидтардың пісіп-жетілуінің бұзылуы.

    ПРОФИЛАКТИКА

    Фолий қышқылы тапшылығы анемиясының алдын алу үшін:

    • теңгерімді тамақтану;
    • алкогольден шамадан тыс пайдаланудан бас тарту;
    • дәрілерді тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау;
    • уақытылы емдеу қажет.

    Аурудың пайда болу қаупі жоғары науқастарға фолий қышқылын профилактикалық қабылдау тағайындалады. Жүкті және емізу кезеңіндегі әйелдерге фолий қышқылын қабылдау міндетті.