• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Энтероколит

    Энтероколит – бұл тоқ ішек пен аш ішектің қабыну ауруы. Энтероколит өте кең таралған аурулардың бірі және өткір немесе созылмалы түрде өтуі мүмкін.

    Энтероколиттің пайда болу себебіне байланысты ол келесі түрлерге бөлінеді:

    • инфекциялық;
    • бактериялық;
    • паразитарлық;
    • токсикалық;
    • алиментарлық;
    • механикалық;
    • екіншілік;
    • некротикалық. 

    СЕБЕПТЕРІ

    Ересектерде энтероколиттің ең жиі кездесетін себебі – дұрыс тамақтанбау, ал балаларда – жеке гигиенаны сақтамау. Энтероколитті сондай-ақ келесі факторлар тудыруы мүмкін:

    • бактериялық инфекциялар;
    • аллергиялық реакциялар;
    • қатудың салдарынан механикалық зақымданулар;
    • интоксикация;
    • дәрі-дәрмектер;
    • бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі;
    • көмірсуларға бай тағамдарды шамадан тыс пайдалану;
    • алкогольді асыра пайдалану;
    • зат алмасу бұзылыстары;
    • аутоиммунды аурулар.

    КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

    Энтероколиттің симптомдары аурудың түріне байланысты болады.

    Өткір энтероколит кезінде қарынның кенеттен қатты ауыруы, кебу, құсу, жүрек айну, диарея, қатты метеоризм, тілдегі ақ жабын, әлсіздік, жоғары температура, бас ауыру байқалады.

    Созылмалы энтероколитке қарын ауыруы, диарея мен қатудың ауысуы, кебу, метеоризм, тағамның дұрыс қорытылмауы, салмақ жоғалту тән.

    ДИАГНОСТИКА

    Энтероколитті анықтау үшін алдымен гастроэнтеролог дәрігер анамнез жинап, науқасты тексереді. Дәл диагноз қою үшін қосымша:

    • жалпы қан талдауы;
    • ректоскопия;
    • копроскопия;
    • нәжістің бактериологиялық талдау;
    • колоноскопия. 

    ЕМІ

    Энтероколиттің емі жан-жақты жүргізіліп, аурудың пайда болу себебін жоюға бағытталған. Жан-жақты терапия келесі тәсілдерді қамтуы мүмкін:

    • арнайы диета;
    • гидратациялық терапия;
    • анальгетиктер, спазмолитиктер қабылдау;
    • абсорбциялық препараттар қабылдау;
    • асқазанды шаю;
    • антибиотиктер қабылдау;
    • ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін препараттар қабылдау.

    Сирек жағдайларда хирургиялық емдеу тағайындалуы мүмкін.

    АСҚЫНУЛАРЫ

    Уақытылы емдеуді бастамасаң, энтероколит ағзаның сусыздануына, ішекте витаминдер мен қоректік заттардың сіңуінің бұзылысына, ішектің тесіліп, перитониттің дамуына, ішектен қан кетуге әкелуі мүмкін.

    АЛДЫН АЛУ 

    Энтероколиттің алдын алу үшін оның дамуын қоздыратын триггерлерді алып тастау керек. Теңгерімді тамақтануды ұстану, алкогольді шамадан тыс пайдаланбау, инфекциялық және паразитарлық ауруларға қарсы уақытылы емдеу жүргізіп отыру, энтероколит белгілері пайда болғанда дереу дәрігерге қаралу қажет.