Артериалды гипертензия (АГ, гипертония, гипертониялық ауру) – артериалды қан қысымының тұрақты немесе қайталама жоғарылауымен сипатталатын жүрек-қан тамыр жүйесінің ауруы.
Эссенциалды, яғни үдемелі, генетикалық шартталған және бүйрек аурулары, эндокринді бұзылыстар, күйзеліс, кейбір дәрілер, жарақат, жүктілік сияқты әр түрлі факторлармен шақырылған екіншілік немесе симптоматикалық гипертензия деп ажыратылады.
Гипертониялық ауру стенокардия мен инсульт дамуының негізгі факторы болып табылады.
Артериалды гипертензия дәрежелері:
Жүкті әйелдерде 20-шы аптадан кейін гестациялық гипертензия дамуы мүмкін.
Дәрігер қарап тексергенде ауру анамнезі мен шағымдарға талдау жасайды. Оған тұрақты белгілер қашан пайда болғаны, науқаста «жұмыс» қан қысымы қандай екені туралы ақпарат кіреді. Науқаста бар аурулар зерттеліп, тұқымқуалаушылық аурулары туралы сұрақтар қойылады.
Қарап тексеру кезінде дәрігер қан қысымын өлшейді. Қан талдауы жүргізіледі. Гемоглобин, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттердің деңгейі анықталады. Жалпы зәр талдауы бүйректің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Міндетті түрде электрокардиография (ЭКГ), жиі - ЭхоКГ (жүрек УДЗ) жасалады.
Артериалды қан қысымының тәуліктік бақылауы (холтерлік бақылау) тағайындалуы мүмкін.
Қажет болған жағдайда бүйректің УДЗ, тамырлардың УДДГ тағайындалады.
Диагнозды нақты қою мақсатында науқасты қарап тексеру үшін қосымша мамандар, атап айтсақ, офтальмолог, гинеколог, терапевт, кардиолог жұмылдырылуы мүмкін.
Егер науқаста "артериалды гипертензия" деген диагнозы болса және ол қандай да бір дәрі-дәрмек қабылдап жүрсе, онда қан қысымы кенет көтерілген кезде (гипертониялық криз) криз кезінде арнайы тағайындалған препаратты беру керек. Егер ондай дәрі тағайындалмаса, күнделікті қабылдап жүрген дәрінің жоспардан тыс мөлшерін беріп, жедел жәрдем шақырту қажет.
Егер қан қысымы көтерілу белгісі алғаш рет пайда болса, шұғыл жедел жәрдем шақырту керек.
Жедел жәрдем келгенше науқасты жатқызып, таза ауамен қамтамасыз етіп, оны тыныштандырып, тітіркендіргіш факторларды (шу, ұрыс-керіс, суық, ыстық) жою қажет.
Артериалды қан қысымын емдеу ұзаққа (жиі – өмір бойы) созылады және тек дәрігермен, яғни терапевт, невропатолог, жалпы тәжірибе дәрігерімен тағайындалады. Дәрігер ұсынысы бойынша тұзы аз емдәмді ұстану, ішімдік ішу мен темекі шегуден, артық тамақтанудан бас тарту қажет.
Гипертонияны медикаментозды емдеу әсері әр түрлі препараттар тобын қолданумен жүзеге асырылады. Жоғары қан қысымын емдеуге арналған препараттарды тек дәрігер тағайындай алады!
Жиі кездесетін асқынуларының бірі – гипертониялық криз (дәрігерлік көмекті қажет ететін кенет қан қысымының жоғарылауы). Бұдан басқа гипертонияның асқынуларына жатады:
Алдын алу шаралары бірнеше қарапайым ұсыныстарға негізделген:
Эссенциялық гипертензияның себебі белгісіз, тек тұқымқуалаушылық фактор маңызды рөл атқаратыны мәлім.
Арандатушы факторларға жатады: