Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) – ультрадыбыстық толқындар көмегімен органдар мен тіндерді бейнелейтін аспаптық диагностика түрлерінің бірі.
Ультрадыбыс деп 20000 герцтен жоғары, адам құлағы қабылдамайтын дыбыстық толқындарды айтады.
УД-сканирлеу кезінде ультрадыбыстық толқын тіндер мен органдардың ішіне еніп, органдардың шекарасынан шағылады, содан кейін сенсор арқылы қайта қабылданып, электрлік импульске айналады. Арнайы компьютерлік бағдарлама көмегімен импульс графикалық бейнеге айналады. УДЗ маманы монитордағы бейнені, өзінің білімдері мен тәжірибесін, сондай-ақ аппараттың техникалық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып интерпретациялайды.
Диагностика. Төменгі бағасы, қолжетімділігі және салыстырмалы зияндылығы ультрадыбыстық сканирлеуді пациентті тексерудің танымал әдістерінің біріне айналдырады. УДЗ көптеген ауруларды диагноздауға мүмкіндік береді, мысалы:
Симптомдары: түрлі локализациядағы ауырсынулар, оның ішінде спастикалық сипаттағы; органдардың ұлғаюы немесе пішінінің өзгеруі; жүктілік.
Емдеу. УДЗ-диагностиканың деректері ем тағайындау үшін үлкен маңызға ие және көптеген мамандық дәрігерлері, әсіресе невропатолог, гинеколог, эндокринолог, нефролог, гастроэнтеролог, гепатолог, кардиолог, урологтар пайдаланады.
Аурулар:
жүрек және қантамырлар: тромбофлебит, жүрек жетіспеушілігі, жүрек қабығының қабынуы, жүрек клапандарының стенозы, жүрек ақауы;
іш қуысы және бүйрек: холецистит, гепатит, бауыр циррозы, өттас ауруы; гидронефроз, пиелонефрит; панкреатит және т.б.;
көбею органдары: кисталар, полиптер, миомалар, әйелдердің жыныс органдарының қабыну аурулары; варикоцеле, простатит және т.б.;
эндокриндік органдар: қалқанша безіндегі кисталар, гипотиреоз, гипертиреоз және т.б.
Жүктілік кезінде кем дегенде үш УДЗ-зерттеу жүргізу ұсынылады.