Тамырлы хирургия (эндоваскулярлы хирургия, ол ангиохирургия деп те аталады) — қан тамырлары мен лимфа тамырларын емдеуді қамтитын хирургия саласы. Тамырлы хирургия ашық және ішкі тамырлы аз инвазивті хирургиялық емдеу әдістерін қолданады.
Диагностика:
компьютерлік, магнит-резонанстық және позитронды-эмиссиялық томография
ультрадыбыстық доплерография
дуплекс-сонография
компьютерлік ангиография
изотоптық сканерлеу және т.б.
Симптомдар:
- аяқтағы ауырлық, ауырсыну, күйдіру, құрысулар;
- құлақтың, бастың шуы; көз алдына қара нүктелердің пайда болуы;
- тәннің белгілі бір жерінде шаншу, ұю, суық сезімі;
- кеңейген тамырлар;
- аяқтың ісінуі;
- жазылмайтын жаралар;
- қан тамырларының жұлдызшаларының пайда болуы;
- саусақтардың көгеруі, қараюы.
Емдеу:
- склеротерапия (варикоз тамырын "жабыстыру")
- перкутандық транслюминалды ангиопластика
- коронарлық стенттеу (тамырды кеңейту үшін стент енгізу)
- коронарлық шунттау (тамырдың бір бөлігін шунтпен алмастыру)
- эмболэктомия (тромбты жою) және т.б.
Аурулар:
- атеросклероз
- варикоз
<ли>тромбофлебит, тромбоз, флебитли><ли>аорта аневризміли>- облитерациялық эндартериитли>
- варикоцелели>
- қант диабеті аяғыли>
- артерия мен вена эмболиясыли>
- лимфостаз