Эндокринология - медицина саласы, эндокриндік жүйені және осы жүйенің ағзаларының ауруларын зерттейді. Эндокринолог дәрігер ішкі секреция бездерінің (гормондар шығаратын арнайы ағзалар: эпифиз, гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы без, айырша без, ұйқы безі, бүйрек үсті безі, жыныс бездері) жұмысындағы бұзылуды анықтайды.
Эндокринология басқа медициналық салалармен тығыз байланысты, өйткені гормондар организмде жүретін маңызды процестерді басқарады: өсу, жетілу, көбею, метаболизм, органдар мен жүйелердің жұмысы.
Эндокринологияның бір тармағы - диабетология, ол қант диабетінің себептерін, алдын алуды және емдеуді зерттейді.
Диагностика. Эндокринологиядағы ең маңызды диагностика әдістері - қанды зертханалық талдау, алдымен гормоналды фонды анықтау. Сондай-ақ, қалқанша бездің ультрадыбыстық зерттеуі (қажетті жағдайда - пункция), гликемиялық профильді анықтау (қант деңгейін тәулік бойы бақылау), магниттік-резонанстық томография (МРТ) кеңінен қолданылады.
Емдеу. Эндокриндік ауруларды емдеуде көбінесе бірнеше әдіс үйлеседі: тамақтануды түзету, дәрі-дәрмек (гормондық препараттар, витаминдер және т.б.), радиоактивті йодпен емдеу, гирудотерапия (сүліктер), хирургиялық араласу.
Симптомдары:
Аурулары: қант диабеті, семіздік, гиперпролактинемия (пролактин гормонының жоғары болуы), қалқанша без аурулары (гипотиреоз, тиреоидит, диффузды, түйіндік немесе токсикалық зоб, кисталар және қалқанша без рагы), акромегалия, бүйрек үсті безінің ісігі, бедеулік.