Табиғаттағы демалыс: кене шағудан қалай сақтануға болады?
Алда – алғашқы нағыз жылы демалыс күндері. Көптеген адамдар табиғатқа демалуға барады, онда... кенелер. Қазақстан аумағының басым бөлігінде аса қауіпті ауру — кене энцефалитін (және басқа да ауруларды) тарататын энцефалиттік кенелер жиі кездеседі.
Кене шағудан қалай сақтануға болады?
Ұзын жеңді ашық түсті киім киіңіз, шалбарды шұлыққа, басыңызға орамал немесе панама киіңіз, мойынды да орап алған дұрыс.
Егер аллергия болмаса, аяқ киім мен киімді жәндіктерге қарсы арнайы құралдармен (репеллент) шашыратыңыз.
Құрғақ шөптер, бұталар бар жерлерден аулақ болыңыз, ағаштардың астында ұзақ отырмаңыз.
Әр сағат сайын бір-біріңіздің денелеріңізді кенелерден тексеріңіз.
Кенелер жиі жабысатын дене аймақтарына ерекше назар аударыңыз: шап аймағы, іш және бел аймағы, кеуде, қолтық, мойын, құлақ аймағы, шынтақ буыны, тізе артында.
Кене энцефалитіне қарсы вакцина алуға болады.
Егер сізге кене жабысып үлгерген болсаңыз, сіздің әрекеттеріңіз:
Мүмкін болса, жәндік шаққандарді қабылдау орны ретінде анықталған медициналық мекемеге дереу барыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, паразитке май немесе алкоголь бар сұйықтықты тамызыңыз, 20 минут күтіңіз, содан кейін екі рет жіппен ораңыз немесе пинцетпен қысыңыз да кенені баяу тартып алыңыз.
Құмыраға салыңыз және өзіңізбен бірге ауруханаға апарыңыз.
Бір тәуліктен кешіктірмей энцефалитке қарсы профилактика (кенеге қарсы иммуноглобулин инъекциясы) жүргізілетін жақын жердегі медициналық мекемеге хабарласыңыз.
Инъекция алдында дәрігерге өткен және созылмалы аурулар туралы хабарлаңыз, аллергия туралы ескертіңіз.
Шаққаннан кейін бір ай ішінде әл-ауқатқа назар аударыңыз. Қызба, әлсіздік, буын ауруы, жүрек айну, бас ауруы пайда болса, дереу инфекциялық дәрігерге немесе жалпы тәжірибе дәрігеріне хабарласыңыз.
Алматыдағы кене энцефалитінің алдын алу пункттері:
Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосов көшесі, 6)
Жедел жәрдем ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96)
№4 Қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220)
№7 Қалалық клиникалық аурухана (Қалқаман ықшам ауданы, 20)
Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы (Манас көшесі, 40).
Кене энцефалиті — ауыр және қауіпті ауру, оны емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ.
Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз cookies және келушілердің деректерін қолданамыз. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз олардың қолданылуына келісесіз.