Бүгінгі таңда ЭКО жасайтын жұптар бедеуліктен басқа да мәселелерді шешуге мүмкіндік алады
Қазақстан нарығында экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКО) қызметтерін ұсынатын көптеген клиникалар бар. Олардың сайттарындағы жарнамаларға қарап, барлық мәселелерді шеше алатындай көрінеді. Бірақ ЭКО-ға дайындалып жүрген немесе ЭКО жасатқан әйелдердің форумдарына кірсеңіз, мүлде басқа көріністі көресіз. Әйелдердің эмбриондарды «асбұршақ», «інжу», «моншақ» деп атағанын, эмбрионның бекіп қалуы немесе бекімеуі туралы күткені, алғашқы жүрек соғысын есту күтілетінін оқудың өзі оңай емес... Бұл эмоциялардың, көз жастың, түсініспеушіліктердің және қуаныштың теңізі. Бірақ жаңа ЭКО технологияларының арқасында қуанышты сәттер көбейіп келеді.
Бүгін біз «Miracle IVF» клиникаларында қолданылатын заманауи әдістер туралы әңгімелейтін боламыз. Бұл туралы бізге медицина ғылымдарының докторы, гинекология және клиникалық эмбриология ғылымдарының магистрі, Американдық және Еуропалық репродуктивтік медицина қауымдастығының мүшесі Атуль Денгрэ егжей-тегжейлі айтып берді.
«Біздің клиникада пациенттерге дегін ерекше, нәзік көзқарас бар, - дейді доктор Дэнгрэ. - Олардың мәселелері біздің мәселелерімізге айналады, әрбір жеке жағдай үшін біз ең жақсы емдеу әдісін таңдаймыз. Көптеген жағдайларда бедеулікке тап болған жұп үлкен қысыммен бетпе-бет келеді, және біздің бірінші міндетіміз - стресс пен шиеленісті жою. Бірінші консультация барысында-ақ біз пациенттердің күйзелмейтін жағдайды қалыптастырамыз».
Бедеулік - бұл жарты жыл бойы контрацептивтерді қолданбай, жыныстық өмірдің тұрақты болуына қарамастан, жүктіліктің басталмауы. «Менің тәжірибемнен, көбінесе проблемалардың 50% - әйелдер жағынан, 50% - ерлер жағынан болады», - деп атап өтті дәрігер.
Бедеулiктiң себебiне байланысты, «Miracle IVF» клиникасында пациенттерге Емдеуге ең қолайлы Көмекші Репродуктивті Технология ұсынылады. Бүгінгі күні тек қана ЭКО жеткіліксіз. Генетика дамуы қазіргі уақытта тек қана жүктілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар әр түрлі жағдайларда басқа мәселелерді шешуге, жұптарға жаңа мүмкіндіктер беруге мүмкіндік береді.
«Мысалы, біз мынадай жағдайды алайық: ерлі-зайыптылардың баласы қан рагымен ауырады. Бұл ерлі-зайыптылар екінші баланы жоспарлағысы келеді, бірақ олар оның денсаулығы жақсы бола ма, ол да онкологиялық аурумен ауырмай ма деп алаңдайды, - деп түсіндіреді доктор Денгрэ. - Сондай-ақ ананың немесе әкенің гені арқылы берілетін көптеген басқа генетикалық аурулар бар және олар келесі балада пайда болуы мүмкін. Қазіргі заманғы әзірлемелер эмбрионның генетикалық талдауын жүргізуге көмектеседі, нәтижесінде біз балада белгілі бір аурудың пайда болу ықтималдығын анықтай аламыз және оны болдырмауға болады».
Адам эмбрионын имплантациялау - өте күрделі және көпфакторлы үдеріс. ЕКҰ стандартты рәсімінде жыныстық жасушаларды алу және ұрықтандыру үдерістерінен кейін алынған эмбриондар жасанды жағдайларда 2-ден 6 күнге дейін сақталады. Эмбрионды жатырғa ауыстыруды әдетте ұрықтанудан 3-5 күн өткен соң жүргізеді.
Бірақ сәтті имплантация үшін тек сау эмбрион мен сезімтал эндометрияның (жатыр ішкі қабаты) болуы ғана емес, олардың арасында деп аталатын «синхрондалған диалогтың» болуы да қажет.
«Әр әйелдің организмінде жүктілік басталуы үшін маңызды ерекше кезең бар. Эмбрион жатырда болған кезде, ол эндометрийге жақындай отырып, өзіндік «қарым-қатынасты» бастайды; олар бір-бірін «таниды» және бір сәтте синхрондалып бірігеді. Бұл кезең әр әйелде әр түрлі болады, әдетте ол 72 сағатқа созылады», - деп түсіндіреді дәрігер.
Эндометрийдің қалыпты имплантацияны қамтамасыз ету қабілеті сезімталдық (рецептивтілік) деп аталады және бұл сау жүктіліктің негізі болып табылады. Эндометрийдің сезімталдығының болмауы эмбрионның генетикалық патологияларымен бірге ЭКО тиімділігін төмендететін негізгі себеп болып саналады.
«Miracle IVF» клиникасында жаңа технология қолданылады, ол ERA (эндометрияның рецептивтілігін талдау) деп аталады.
«Бүгін біз нақты уақытты анықтай аламыз (бұл имплантациялық кезең деп аталады), эндометрий эмбрионмен байланыс орнатып, бірігуге дайын болған кезде. Біз эмбрионды дәл осы уақытқа дайындап, оны жатырға қоздыру арқылы сәтті имплантацияның жүзеге асуына қол жеткізе аламыз», - дейді Атуль Денгрэ.
«Мен айтқандай, кей әйелдерде эмбрионның жатыр қабырғасына қосылуы үшін ең сәтті уақыт 72 сағатты құрайды, - дейді доктор. - Егер эмбрионды 5-ші күні (яғни 120 сағатта) салса, эмбрионның имплантациясы іске аспайды. Дәрігерлер жақсы, сау эмбрионды дайындап, барлық дайындық жұмыстарын тамаша жүргізе алады, бірақ имплантациялық терезенің уақыты өткендіктен, бәрі сәтсіз аяқталып, эмбрион жатыр қабырғасына жабыспайды».
Эндометрийдің эмбрионды қабылдауға дайын екендігін анықтау үшін әйелдің эндометрий тінінен биопсия алынады. Бұл арнайы жағдайлар мен наркозды талап етпейтін қарапайым процедура. Одан кейін эндометрийдің қасиеттерін молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізіледі, оның нәтижелері негізінде имплантациялау терезесі анықталады.
ERA әдістемесінің негізінде эмбрионды енгізуге эндометрияның сезімталдығына әсер ететін гендердің белсенділігін зерттеу жатыр. Тест нәтижесі әр генге сәйкес РНҚ санының дәл анықталуынан тұрады. РНҚ молекулаларының саны бойынша эндометрияның үлгі алынған уақытта жетілгендігін анықтап, имплантация терезесінің өзгеруін бірнеше күнге дәл болжауға болады. Клеткалар мен гормондарды зерттеуге негізделген басқа әдістер мұндай сенімділікке ие емес.
Биопсия тек бір рет алынады, әдетте циклдің 19-күні, анализ жүргізіліп, келесі циклде эмбрионның қондырылуын жоспарлауға болады. Осылайша, жеке имплантациялау уақытын біле отырып, әрбір әйел өзінің жүктілікке шансын айтарлықтай арттыра алады.
Әлемдік статистика бойынша ЭКО-ның алғашқы талпынысынан кейін орта есеппен 30-40% әйел жүкті болады. Әйелдердің 25%-ында имплантация терезесі кезеңінің ығысуы себебінің салдарынан жетістікке жете алмайды.
«Егер біздің клиникаға жүгінетін барлық пациенттерді 100% деп алсақ, онда табыстылық пайызы 86%-ды құрайды», - дейді доктор Денгрэ.
Неге бұрында ЭКО жасағанда жиі екеулеп, үшем немесе одан да көп егіздер туылатын еді? Қондыру уақыты есептелмейтін және дәрігерлер кем дегенде біреуі бекінеді деген үмітпен көптеген эмбрион енгізетін. Бірақ көп ұрықты жүктілік анаға да, балаларға да жоғары қатерлі асқынуды туындатады. Қазіргі уақытта жеке имплантация терезесінің анықталуына байланысты мұндай қажеттілік жоқ.
«Әйелдің жатырына қанша эмбрион көшіру керек – бұл, бірінші кезекте, елдің заңына байланысты: кейбір елдерде тек бір эмбрион отырғызуға рұқсат етілген, ал кейбір жерлерде екі эмбрионға рұқсат етіледі. Екіншіден, жұптың тілегіне байланысты - олар қанша бала алғысы келеді, - деп атап өтті доктор Денгрэ. - Мысалы, егер жұп 15 жыл бойы бедеулік зардабын шексе, олар екі баланы бірден алғысы келуі мүмкін, сондықтан біз екі эмбрион отырғызамыз».
Preimplantation Genetic Diagnosis (PGD), алдын ала имплантациядан өтуге арналған генетикалық диагностика – бұл ЭКО нәтижесінде алынған эмбриондардағы гендер мен хромосомалық патологияларды анықтайтын әдіс және пациенттің жатыр қуысына тек қалыпты үлгілерді көшіруге мүмкіндік береді. PGD – бұл балада генетикалық және хромосомалық аурулардың алдын алудың ең дәл және қауіпсіз әдісі және жүктілік басталғанға дейін мұны жасауға мүмкіндік беретін жалғыз әдіс.
«Аналық жасушаларды ұрықтандырудан кейін барлық алынған эмбриондарды тексереміз. Біз биопсия жасаймыз және оларды 206 генге зерттейміз. Трансплантация үшін тек сау гендері бар эмбриондар таңдалады. Бұл технология 35 жастан асқан әйелдер үшін өте пайдалы, өйткені осы жастан бастап хромосомалардың зақымдану қаупі артады», - деп түсіндіреді доктор.
Бұдан басқа, PGD табысты имплантацияның ықтималдығын арттырады және жүктілік асқынуларының қаупін азайтады.
- Постменопаузадан кейін қалай ана болуға болады?
- Ғылымның дамуы арқасында бізде әйелдерге менопаузадан кейін де ана болуға мүмкіндік беретін таңғажайып технологиялар бар, олар айлық циклды қайтадан бастауға мүмкіндік береді. Әрине, бәрі менопаузадан қанша уақыт өткеніне және әйелдің жалпы денсаулық жағдайына байланысты.
Менің тәжірибемде менопаузадан кейін жүктілік болған 45, 50 тіпті 60 жастағы әйелдерге арналған сәтті жағдайлар болды. Бұл әйелдердің денсаулығы жақсы болды, оларда жүрек-қан тамыр жүйесіне қатысты проблемалар болмады.
Бізде де отбасылық жұптар жалғыз балаларынан жазым болу салдарынан айырылып, жастарына қарамастан ЭКО-ға баратыны туралы деректер болды. Балаларынан пандемия кезінде айырылып, өмірлерінің мағынасын табу үшін ЭКО-ға барған жағдайлар да болды. Жаңа технология адамдарға тағы да бақытты ата-ана болуға үміт береді.
- ЭКО арқылы дүниеге келген бірінші баладан кейін әйел адам келесі баланы табиғи жолмен көтеруі мүмкін бе?
- Әрине! Біздің тәжірибемізде бірінші бала ЭКО арқылы пайда болғаннан кейін, ерлі-зайыптылардың келесі балалары табиғи жолмен пайда болған жағдайлар болды. ЭКО арқылы болған бірінші жүктілік әйелдің денсаулығына стресс алмауға және емдеу сияқты әсер етеді. Мұндай жағдайлар өте көп емес, бірақ олар бар. Аналық бақыт бұл ғажайыпты жасайды – әйелді стресстен босатып, табиғи жүктіліктің пайда болуына мүмкіндік береді.
- ЭКО-ны денсаулыққа зиян келтірмей қаншалықты жиі жасауға болады?
- Егер дұрыс таңдалған әдістер қолданылса, емдеу үшін үш рет оптан кейін әйел жүкті болады. Өз тәжірибемде ЭКО процедурасын бірнеше рет орындаған ешкімді есіме түсіре алмаймын. Бұған қажеттілік жоқ. Әрбір сәтсіздік жағдайы мұқият талданады, себептері анықталады және содан кейін келесі ЭКО әдетте оң нәтиже береді.
ЭКО және осыған байланысты барлық процедураларды қолдану кезінде онкологиялық аурулардың дамуының ешқандай қаупі жоқ деп айтуға болады. Керісінше, егер әйел репродуктивті кезеңінде бала тумаса, онкологиялық аурулардың қаупі артады, өйткені әйел ағзасы бала көтеру мен босануға арналған.
Бізге жұбайларының бірі қатерлі ісікке шалдыққан және химиотерапия немесе сәулелік терапия арқылы емделуді қажет ететін, бірақ болашақта сау баланы қиялдайтын жас жұптар келеді. Мұндай жұптар үшін біз зерттеу жүргіземіз, жыныс жасушаларын жинаймыз, эмбрионды генетикалық аурулар мен қатерлі ісікке бейімділігін тексереміз. Эмбрионды де, жұп емделіп ремиссия сатысына жеткен кезде эмбрионды қондыруға дайын болғанға дейін, мұздатып ұстаудамыз.
- Көптеген заманауи қыздар жас кездерінде мансап құруға және бала тууды кейінге қалдырады. Жиі дәрігерлер оларға жас кезінде жұмыртқа жасушаларын мұздату процедурасына жүгінуді ұсынады, себебі 30 жастан кейін ұрықтану мәселелерінің қаупі артады. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?
- Мұны «әлеуметтік мұздату» деп атайды – аналық жасушаларды да, эмбриондарды да мұздатуға болады, бұл жаман емес, бұл әлемде сәтті қолданылады. Бірақ эмбрионды мұздатудың сәттілігі аналық жасушаға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін атап өту керек.
Біз жыныс жасушаларын жинауымызға болады, бірақ аналық бездің немесе ерлердің жұмыртқа ұлпасының фрагменттерін мұздату да мүмкін. Қажетті кезде біз осы ұлпадан қажетті жұмыртқа немесе сперматозоидтерді өсіріп, болашақ ұрықтандыруға қолдана аламыз.
- Жыныс жасушалары немесе эмбриондарды қанша жыл сақтауға болады?
- Жақында бізде бір жағдай болды – эмбрион 43 жыл сақталған. Осы уақыт өткен соң, бала бір ай бұрын аман-есен туылды.
- ЭКҰ кезінде жиі кездесетін асқынулардың бірі аналық бездердің гиперстимуляциясы болып табылады.
- Мұндай асқыну бірнеше жыл бұрын кездескен. Соңғы 4 жылда біздің клиникада аналық бездің гиперстимуляциясы жоқ. Біз қатаң белгіленген хаттамалар бойынша жұмыс істейміз.
- Көптеген отбасылық жұптарды ЭКО арқылы туған баланың табиғи жолмен ұрықтанып, дүниеге келген баладан айырмашылығы болмай ма деген сұрақ мазалайды. Осындай балалардың генетикалық аурулар қаупі жоғары және олар баяуырақ дамиды деген пікір бар.
- Ең алдымен айтарым, біз дәрігерлер, өзіміз бала жасай алмаймыз, бала анасы мен әкесінің ДНҚ-сының бірігуі нәтижесінде пайда болады. Дәрігерлер ретінде, біз жұмыртқа жасушасын ұрықтандыру үшін қолайлы жағдайлар жасаймыз және содан кейін бұл ұрықтанған жұмыртқа жасушасын анасының жатырында орналастырамыз. Біз ешқандай басқа генетикалық материал жасамаймыз.
Табиғи жолмен ұрықтандыру кезінде де гендерге байланысты баланың қандай да бір проблемалармен туылуы мүмкін. Дәл сол жағдай ЭКО кезінде де болуы мүмкін. Бірақ қазіргі заманғы озық технологиялар, атап айтқанда, имплантация алдындағы генетикалық диагностика арқылы біз генетикалық негізделген аурулардың дамуын болдырмауға болады.
Басқаша айтқанда, ЭКО нәтижесінде туылған бала табиғи жолмен туылған кез келген басқа бала сияқты дені сау. Менің тәжірибемде көптеген жағдайлар болды, ЭКО-дан кейін ата-аналар баласының тыңдамағанын және қыңыр болғанын айтты. Менің ойымша, мұндай балалар көптен күткен және, әрине, ата-аналарының назарын және қамқорлығын көріп еркелетіп жіберген болуы мүмкін, сондықтан олар басқаларға қарағанда қыңыр болып көрінуі мүмкін.
- Қазіргі уақытта ЭКО неге соншалықты сұранысқа ие, жас адамдардың бедеулігі неге өсуде?
- Біз жай ғана бұрын не болғанын білмейміз, нақты деректер жоқ. Менің ойымша, бедеулік мәселесі бұрыннан бар, тек ол зерттелмеген, құжатталмаған. Қазір технологияның дамуымен біз бедеуліктің себептерін түсініп, оған әсер ете аламыз.
- Өзіңіз туралы айтып беріңізші.
- Біз әйелімізбен бірге - акушер-гинеколог дәрігерлерміз. Менің гинеколог дәрігер ретінде жұмыс өтілім 18 жылдан асты, мен Ұлыбританияда эмбриология бойынша магистратураны тәмамдадым. Біз өз клиникаларымызды Үндістанда, БАӘ-де аштық, және бүгінгі күні бізде 8000-нан астам пациенттер бар, олардың нәтижесі сәтті. Қазір бізде бүкіл әлем бойынша клиникалар желісі бар, біз көптеген елдердің пациенттерін емдейміз. Біз сондай-ақ дәрігерлерге жаңа репродуктивті әдістер мен технологиялар бойынша оқыту өткіземіз. Біздің орталық еуропалық стандарттарға сәйкес келеді, сонымен қатар Еуропалық медициналық қауымдастығы тарапынан мойындалып, марапатталды. Біз Economic Times басылымының нұсқасы бойынша ең үздік медициналық мекемелердің біріне айналдық. Екі жыл бұрын біз «Парацельс Розасы» беделді марапатын алдық («Парацельс Розасы» - Еуропалық медициналық қауымдастығы мен EBA серіктестігінде құрылған марапат. «Парацельс Розасы» қоғамдық денсаулық сақтау саласында, күтім мен медициналық қызметтерді ұйымдастыруда, енгізуде және жаңартуда жетістіктерге жеткендерге беріледі).
- Сізге ЭКО жасау үшін қалай баруға болады?
- Өте оңай. Біздің Ташкент және Алматы қалаларындағы клиникаларымызға жүгініңіз. Біздің барлық дәрігерлеріміз кәсіби және білікті мамандар. Ең заманауи құрал-жабдықтар алынған. Процедуралар барлық клиникаларымыздың желісіндегі біркелкі стандартты хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.
- Сіздер ұсынған технологиялар үлкен қаржыны талап ете ме?
- Біз жергілікті тұрғындар үшін бағалардың демократиялық болуын қарастырдық. Еуропада осындай технологиялар бұл жерде қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады. Бізде ешқандай жасырын төлемдер жоқ, бәрі айқын.
Біздің миссиямыз - әрбір отбасының ата-ана болуға мүмкіндік беру. Біздің пациенттеріміздің бақыты - біз қол жеткізгіміз келетін нәтиже.
Алматы қаласындағы “Miracle IVF” клиникасына қабылдауға жазылу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 707 22 55 009, Ташкенттегі нөмерге +998 955 15 60 00, +998 99 935 60 00.