«ҮМІТ» томотерапия және ядролық медицина емдеу орталығы 2021 жылдың ақпан айынан бастап JCI халықаралық стандарттарының талаптарын енгізді.
JCI - бұл Халықаралық Бірлескен Комиссия, АҚШ-тың Чикаго қаласында құрылған үкіметтік емес ұйым, ол медициналық мекемелердің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін бағалайды.
Оның мақсаты — әлемдегі медициналық ұйымдардың жұмысын үнемі жақсартуға және олардың халықаралық деңгейде келісілген жоғары талаптарға сай болуына ынталандыру.
JCI аккредитациясы – медициналық мекемелердің жұмысын бағалау бойынша «алтын стандарт» болып табылады. JCI аккредитациясы әлемдегі ең беделді, жету қиын және медициналық ұйым көрсететін медициналық қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін объективті түрде мойындайтын аккредитация болып табылады. Қазақстанның бірнеше медициналық ұйымдары ғана JCI аккредитациясынан өте алды, және «ҮМІТ» томотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені олардың қатарына кіреді.
Халықаралық Біріккен Комиссиясының (JCI) миссиясы: «Халықаралық аккредитация мен сертификаттауды жүргізу, консультациялық қызметтер ұсыну және оқыту арқылы әлемде медициналық күтім сапасы мен қауіпсіздігін үздіксіз арттыру».
JCI бойынша аккредитация Орталық үшін қандай артықшылықтар береді?
Өте жоғары әлеуеті бар клиникалардың ғана өтуге мүмкіндігі бар: стандарттарды енгізу көп уақыт пен қаржыны талап етеді.
JCI стандарттары әр 3 жыл сайын жаңартылып отырады талаптарды қатайтуымен.
JCI стандарттары медициналық көмектің сапасы мен пациенттің қауіпсіздігіне елеулі әсер ететін емдеу және күту аспектілеріне назар аударады және үздіксіз жақсартуды мақсаты етеді.
Жаңа тәсілдерді енгізу медициналық қызметкерлерге арнайы бағдарламалар бойынша оқытуды талап етеді. Барлық персонал сыртқы бағалаудан өту алдында тренингтер мен трейсерлер өткізу арқылы қарқынды теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Пациенттерге пәнаралық көзқарас жасау ауруханаішілік комиссиялар құру арқылы қамтамасыз етіледі, бұл Орталықтағы тиімді басқаруды жүзеге асырады.
2021 жылғы 21 мен 24 маусым аралығында Центр JCI халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкестігі бойынша табысты сыртқы бағалауды өтті. 2021 жылғы 25 маусымда, Астана қаласы – ҮМІТ томотерапия және ядролық медицина ауруханалық кешені аккредиттелген ұйым мәртебесін растауға қатысты Бірлескен халықаралық комиссияның (JCI) ресми қорытындысын алды. Бұл Центрдің медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасына халықаралық стандарттарға сәйкес екенін білдіреді.
Қорытындылар:
JCI стандарттарына негізделген Орталық жұмысын құрастыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
****
Томотерапия Орталығына «ҮМІТ» дәрігерлеріне жазылу үшін +7-707-22-55-009 телефонына қоңырау шалыңыз.