16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Шаштың түсуі – себептері мен емі. 2021 жыл наурыз айының үздік дәрігері

    Шаш денсаулығы туралы ең маңызды сұрақтарға дәрігер-трихолог, 2021 жыл наурыз айының үздік дәрігері жауап береді.   

    Наурызда TopDoc.me қолданушылары жоғары санатты дәрігер, дерматолог-трихолог, сертификатталған клиникалық фармаколог Елена Алексеевна Сундееваны айдың үздік дәрігері деп атады. Елена Алексеевна — медицина ғылымдарының кандидаты, өнертабысқа берілетін 4 патенті, медициналық басылымдарда 60-тан аса жарияланған ғылыми жұмыстары  бар.

    Дәстүр бойынша TopDoc.me қызметкерлері жеңімпазға сирек мамандық – трихология бойынша бірнеше сұрақтар қойды. Бұл бастың терісі мен шаш құрылымы, оның аурулары мен емі бойынша айналысатын  дерматология немесе дерматокосметологияның жаңа саласы болып табылады.

    Біздің Telegram каналға https://t.me/TopDocKz жазылыңыздар.   

    - Елена Алексеевна, көптеген адамдарда шаш маманына баратын әдеті әлі қалыптаспаған. Трихологқа қай кезде бару керек? Не себепті бұл маңызды?

    - Трихолог – әрине бұл стоматолог сияқты жарты жылда бір келуді талап етпейді.  Бұл дәрігерге тек қажеттілік туындаған кезде ғана барады. Алайда әрбір әйелде трихологқа қаралу туралы ойланатын кезеңдері болады. Шаш белсенді түрде өзгеретін уақыт:

    • жүктілік алдында;
    • емшекпен емізуді тоқтатқаннан кейін;
    • климакс алды және климакс кезеңі;
    • ретсіз етеккір, поликистоз, жыныс гормондары фонының өзгеруі, қалқанша безінің проблемалары сияқты эндокринді бұзылыстары бар болғанда;
    • егер әйел жүктілікке қарсы, қантты азайтатын дәрілер, антикоагулянттар, иммуносупрессорлар, антибиотиктерді ұзақ уақыт қабылдағанда;
    • егер әйел химиотерапия қабылдаса.

    Қауіп-қатер тобына стюардесса, химикаттар, мұнай өңдеу өнімдерімен жұмыс істейтін, шашқа арналған агрессивті бояуларды жиі қолданатын адамдар кіреді. Бұдан басқа, шаштар күйзелісті қатты сезеді. Сондықтан алдымен профилактикамен айналысу керек және уақытында трихологқа қаралу қажет. 

    - Қандай белгілерді байқағанда трихологқа қаралу қажет?

    - Егер шаштың сапасы өзгеретін болса, мысалы, олар жібектей, жұмсақ, жылтыр болып, өз түрін жоғалтып алса, шаш түсе бастаса, яғни қолда, тарақта қалып, жуған кезде түссе, отбасы мүшелері сіздің шашыңызды үйдің барлық жерінен көріп, сізге ескерту айтса, бұл ағзада өзгерістер бар екенін білдіреді және трихологқа барудың белгісі болып табылады.

    Барлық адамдар шашты өзіндік бірлік деп есептейтіні үлкен мәселе болып табылады. Егер шаш түссе, онда міндетті түрде шашқа немесе бас терісіне бір нәрсе жағу керек деп есептейді. Мұнда ғаламтор - өте жаман кеңесші. Себебі ондағы мәтінді мамандар емес, копирайтер жазады. Ғаламтордағы кеңесті тыңдап, науқастар нәтижесінде уақытын, күшін және ақшасын жоғалтады. Алайда мәселені біржола шешіп, үдерісті тоқтатуға болады. Шаш фолликулаларының ерекшеліктері бар. Егер оларға бірнеше агрессивті факторлар әсер етіп, оған ешқандай көмек көрсетілмесе, олар біртіндеп сола бастайды. Әсіресе генетикалық шартталған андрогенді алопеция туралы сөз қозғалады.  Бұл үдеріс кез келген уақытта белсеніп, шаштың түсуін шақыруы мүмкін. Мұнда күтуге болмайды. Сау фолликулдардың орнын әлсіз фолликулдар басады. Біртіндеп шаштың түрі өзгереді, фолликул өледі.  

    - Тәулігіне шаш түсуінің шекті мөлшері 100 шаш деген рас па?   

    - Егер сіз күніне 100 шаштан жоғалтсаңыз, олар физикалық тұрғыда қалпына келіп үлгермейді. Бастапқыда адам күніне 100 шашты денесінің барлық жерінен жоғалтады дегенді білдіретін. Яғни оған бастағы шаш, кірпік, қас, қолтық және шаптағы шаштар кіреді.  Егер сіз 5-6 шаш жоғалтып, одан кейін кенет 15-20 шаш жоғалта бастасаңыз, онда мұның себебі туралы ойлану керек. 

    - Науқас шашының түсуін байқап, сіздің қабылдауыңызға келді деп болжамдайық. Ары қарай не болады? Тексеру алгоритмі қандай?

    - Барлығы ең алдымен науқаспен танысудан басталады.  Оның ағзасында қандай өзгерістер болып жатқанын анықтау керек. Өйткені шаш терінің қосалқысы болып табылады. Ал тері - адам денесіндегі ең үлкен мүшелердің бірі. Тері денені толық жабады. Ол - гормонқабылдаушы және гормнобөлуші мүше. Шаш антенна сияқты ақпаратты іштен сыртқа береді. Осы ақпаратты дұрыс қабылдап, оны науқасқа айту керек. Сондықтан біз науқастан дүниеге келгеннен бастап қандай аурулармен ауырғандығы, не жейтіні, үлкен дәреті қандай екендігі, күйзелісті қалай қабылдайтыны, қандай дәрілер ішетіні туралы сұраймыз. Алынған ақпарат нәтижесінде алдағы әрекеттер алгоритмі жасалады. 

    Басқа да мамандардың қосымша кеңесі, сонымен қатар негізгі және арнайы талдаулар тағайындалуы мүмкін.  

    - Қандай мамандардың кеңесі қажет болуы мүмкін? 

    - Әдетте гинеколог, эндокринолог, педиатр, гематолог, паразитолог кеңестері қажет болады. Шаш фолликуласы – бұл жеке ағза. Оның артериясы, көктамыры мен жүйкесі бар. Егер қан сапасы нашарласа, онда, әрине, фолликулға оттегі, қоректік заттар мен микроэлементтер жетпейді. 

    - Ковидтан кейінгі шаштың түсуі кезінде не істеу керек?

    - Бұл жерде бастысы адам осы аурумен ауыра бастағанда иммунды жүйесінің жағдайы қандай болғанын түсіну қажет.  Шаштарға әр түрлі әсер етуі мүмкін. Негізінен олар түсе бастайды. Себебі ковид вирусы жылдам бөлінетін жасушаларға әсер етеді. Оларға шаш, қан, жыныс, иммунды жүйе  жасушалары жатады. Яғни өте тез қалпына келетін жасушалар жатады. Нақты айтқанда вирус біздің тез бөлінетін жасушаларымызды жояды. 

    Мұндай науқастарды біз жүйелі түрде емдейміз. Барлық сараптамаларды жинаймыз, ағзаның меншікті шаштарына қарсы аутоагрессиясын басамыз.  Одан әрі шашты қалпына келтіретін іс-шараларды схема бойынша жүргіземіз. 

    Біздің Instagram ға жазылыңыздар

    - Трихоскопия деген не?

    - Трихоскоп аппараты қолданылады. Оның көмегімен біз шаштың сандық және сапалық құрамын, шаршы сантиметрге қанша шаштан келетінін, май бездерінің жағдайын, қанмен қамтамасыз етілу жағдайын көре аламыз. Бұл бағдарлама шаш жағдайын ажыратуға, қандай шаш екенін, оның тіршілік мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бізге шаштың жағдайы туралы түсінік береді және шаш мәселесі бойынша алдын ала диагноз қоюға мүмкіндік береді.

    - Шаштың паразитарлық зақымдануы немен қауіпті?

    - Шаштың зең ауруы кезінде науқастар шаштарын «емдеп жазатыны» үлкен мәселе болып табылады. Дәріханадан бір нәрсе алады, ғаламтордан оқиды, ақыры ешнәрсе көмектеспегенде трихологқа келеді. Алайда ауру сипаты біртіндеп жойылады, ал нақты диагностикасы үшін үдерісті басынан соңына дейін түсіну керек.   

    Сонымен қатар  биттер де кездеседі. 2-4 сыныптың оқушыларында жиі байқалады. Әдетте биттерді жою үлкен мәселе емес, бастысы бензин немесе керосинді пайдаланбау керек. Бірақ соңғы уақытта биттердің емге төзімділігі анықталуда  және заманауи биттерді жою оңай емес. 

    - Балалар жиі өз шаштарын жұлады.

    - Бұл - трихотилломания, импульсивті бұзылыстар тобы. Балалар күйзеліс немесе үрейге жауап ретінде өз шаштарын жұлады, осылайша өздерін тыныштандырады. Аналары балаларында шашы жоқ аймақтарды анықтап, баланы шаш түсуден емдей бастайды. Балалар ата-аналарының көзінше шаштарын жұлмайды. Сондықтан олар шаштың болмауының шынайы себебін білмеуі де мүмкін. Егер қабылдауда баламен жақсы қарым-қатынас орнатылса және себебі анықталса, онда аналар кейде баланың өзі шашын жұлатынына сенбейді. Психологтармен бірге біз мұндай балаға көмек көрсетеміз. 

    - Шаштар тағы немен ауырады?

    - Шаштар гормоналды өзгерістер, дәрумендер мен микроэлементтердің  жеткіліксіздігінен, күйзеліс немесе ішкі мүшелердің ауруларынан зақымдануы мүмкін. Егер адам қатты ауыратын болса, онда оның шашынан байқалады. Мысалы, асқазан-ішек жолдарының ауруларымен тікелей байланыс бар. Іш қатулар – бұл шешуші мәселе. Себебі ішекте микроэлементтердің сіңірілуі мен кейбір дәрумендердің өндірілуі жүреді, сонымен қатар иммундыкомпетентті жасушалар бар. Перистальтика мен тағамдық кесектің шығуы өз уақытында болуы керек. Егер мұндай жағдай болмаса, онда уыттану, ағзаның аутоуыттануы жүреді және тұйық шеңбер қалыптасады.

    Өттің іркілуі, бүйректің шығару қызметі, гастриттер, дуодениттер, яғни барлық мүшелер қатысады. Шаш – қыш құмырадағы гүл сияқты, оның беткейін біз көреміз, ал түбірі жасырылған. Адамдар шаштың әдемі болуы үшін  дәл жоғарғы бөлігіне әсер етеді. Әр түрлі маскалар, майлар, лосьондар қолданады. Егер гүлдің түбірін күтпесе, олар шіріп, гүл солып қалуы мүмкін. Шаштармен де дәл солай. Егер ағза денсаулығын сақтамаса, шашқа тонна май құйсаңыз да көмектеспейді.

    - Шашты қалай емдейді?

    - Трихологияда әдетте плазмотерапия, мезотерапия, физиоем - дарсонваль, электрофорез қолданылады. Сонымен біргет шашқа арнайы күтім тағайындалады. Бірақ бұл ем-шаралар тағайындалғанға дейін біз ағзаның жалпы жағдайы бойынша көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді анықтаймыз. 

    Инъекциялық процедуралар аптасына бір рет жасалады. Бұл - шаш фолликулаларын қоректендіретін кәсіби коктейльдер. Үй жағдайында күтімге шашқа арналған кәсіби лосьондар тағайындалады. Плазмотерапия үшін науқастың қаны пайдаланылады. Алайда қан сау болу керек. Қарсы көрсеткіштері бар. Инъекциялық терапия – бұл агрессивті терапия. Сондықтан оны қолдану қажеттілігін бағалау өте маңызды.

    - Шашқа қалай дұрыс күтім жасау қажет?

    - Егер адамның денсаулығы жақсы, шаштары сау болса және ол пайдалы маскалар жасаса, әрине бұл өте жақсы. Алайда адамда ішкі ағзалары мен жүйелерінде проблемалар болса, оның тамақтануы, өмір салты дұрыс болмаса, физикалық жүктемелер болмаса,  үнемі күйзелістер болса және адам жоғарыда айтылған шараларды жүргізсе, онда ол көмектеспейді, керісінше шаштың жағдайын одан әрі нашарлатады.

    Шаш кератинизациясы тақырыбын ерекше қозғағым келіп тұр. Бізге сұлулық салонында осындай процедураны жасаған  өте көп адамдар келеді. Шашқа жағылатын кератин қой мен ешкі жүнінен химиялық жолмен формальдегидті пайдалан отырып  алады. Формальдегид – өте улы зат. Осындай жолмен алынған кератин емдік зат ретінде шашқа жағылады. Шаштың тірі екені есепке алынбайды және химиялық жолмен алынған кератин қан арқылы барлық ағзаға тарайды. Бұл заттың тіпті өте аз мөлшері ағзаға үлкен зиянын тигізуі мүмкін. Шаш түсе бастайды, аллергиялық реакциялар дамиды.  Кейде сол аллергиялық реакциялар баяу дамып, соңында анафилактоидты жағдайға әкелуі мүмкін. Кейбіреулерде кератинизацияның ешқандай салдары байқалмауы мүмкін, ал кейбіреулерде шаштары көп мөлшерде түсе бастайды. Адам ағзасының жалпы жағдайын бағалау керек.  

    Менен жиі қандай сусабынды пайдаланған жөн деп  сұрайды. Алайда мен шашты үй жағдайында күтуге арналған сусабындар бойынша ұсыныстар бермеймін. Ал емдік сусабындарды біз қатаң түрде схема бойынша тағайындаймыз.

    Шашты арасына 3-4 күн салып жуу керек. Егер сіз басыңызды күнделікті жусаңыз, онда сіз май бездерін майды көп мөлшерде бөлуге үйретіп аласыз. Сондықтан шашты жууда интервалды сақтаған жөн. 

    Шашты тек салқын ауа ағынымен фен арқылы кептіру қажет. Фенді қатты жақындатуға және жиі қолдануға болмайды.

    Сіздің шашыңыздың сау болып қалуына не көмектеседі? Бұған иммунды жүйені нығайту, дұрыс тамақтану, орташа физикалық жүктемелер, ұйқы мен сергектіктің дұрыс режимі, жұқпаның созылмалы ошақтары, позитивті ойлар жатады.   

    Айдың үздік дәрігеріне Сундеева Елена Алексеевнаға 3 әдіспен жазылуға болады: 

    - сайтта өтінім қалдыру,

    - бізге WhatsApp-қа жазу, кеңесшілеріміз сіздерге міндетті түрде жауап береді немесе өздеріңізге қайта хабарласады,

    - +7 (707) 22 55 009 нөмір бойынша өз бетімен хабарласу.