MedicalNewsToday-дегі жаңа шолуға сәйкес, паразиттер қабынуға қарсы қасиеттерге ие болуы мүмкін, бұл қартаюдың алдын алуға көмектесуі мүмкін.
Ғасырлар бойы адамның эволюциясы қоршаған ортаға бейімделіп, тірі қалу үшін өзгерді. Гигиенаның біртіндеп дамуы арқылы біз паразиттермен күресуді үйрендік. Бұл бізге аурушаңдықты төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын арттыруға мүмкіндік берді. Бірақ бәрі соншалықты оңай емес болып шықты.
Жаңалықтардан хабардар болыңыздар. Біздің Telegram арнамызға жазылыңыздар https://t.me/TopDocKz.
Паразиттер мен адамдардың бірлесіп өмір сүруінің ұзақ тарихы бар. Біздің иммундық жүйеміз паразиттермен тығыз байланыста дамыды, гельминттер біздің иммунитетіміздің негізгі манипуляторларына айналды және біз олардың барлығына белгілі бір деңгейдегі төзімділік шығардық. «Ескі достар» гипотезасы бар, оған сәйкес, паразиттер адам денесінің ескі достары сияқты, бізге «ластанған әлемде» төзімділікті жақсартуға көмектесіп, таза қазіргі қоғамдарда паразиттерден арылу аллергиялық реакциялар мен аутоиммундық күйлердің күрт өсуіне әкелді.
Қартаю процесі қарттық мультиморбидтіліктің негізгі себебі болып табылады, бұл кезде адамда бір уақытта көптеген созылмалы патологиялар пайда болады. Неліктен қартаю бұл мультиморбидтілікті тудырады? Жас ұлғайған сайын ағзада инфекциялық агентпен байланысы жоқ, жүйелік созылмалы қабыну, деп аталатын «стерильді» жағдай нашарлайды. Бұл жүйелік қабыну жүрек-қан тамыр аурулары, деменция, қатерлі ісік, созылмалы обструктивті өкпе ауруы (СӨӨА), остеопороз, сары дақтың жасара байланысты дегенерациясы сияқты жасқа байланысты жағдайлардың пайда болуына ықпал етеді.
Ұлыбританиядағы Салауатты қартаю институтының ғалымдары қабынумен, демек қартаюмен байланысты жағдайларды кері қайтару терапиясы ретінде төмен дозадағы паразиттік құрттарды пайдалануды зерттеу мақсатында қолданыстағы ғылыми әдебиеттерге шолу жасады.
Авторлар өз зерттеулерін гельминттер деп аталатын паразиттік құрттардың ерекше тобына, дөңгелек құрттар, таспа құрттар және сорғыштар тобына бағыттады. Бұл паразиттер иелері, соның ішінде адамдардың ішінде өмір сүреді және тіршілік ету үшін олардың иммундық реакцияларын пайдаланады.
Ғалымдар адамның паразиттерді организмнен белсенді түрде шығара бастағанда, аллергиялық және аутоиммундық сипаттағы қабыну ауруларының саны бірден артқанын атап өтті: астма, экзема, шашыранды склероз (ШС), ревматоидты артрит, ішектің қабыну ауруы және 1 типтегі диабет.
Ағымдағы деректер табиғи немесе әдейі құрттармен жұқтыру осы қабыну жағдайларымен күресе алатыны туралы идеяны растайды.
Қабынудың негізгі сипаттамасы - қан құрамындағы қабынуға қарсы ақуыздардың тұрақты артуы. Көптеген эксперименттер паразиттік құрттармен жұқтыру бұл қабынуға қарсы ақуыздардың деңгейін төмендетуі мүмкін екенін көрсетті. Керісінше, құрттарды өлтіре алатын антигельминттік препараттарды қолдану бұл ақуыздардың қабыну реакциясын күшейтеді.
Мысалы, Аргентинада жүргізілген зерттеу гельминттермен кездейсоқ жұқтыру тек қабыну цитокиндерінің төмендеуіне ғана алып келмей, сонымен қатар шашыранды склерозы бар науқастарда ауру белгілерін жеңілдететінін және паразиттерден құтылу бұл әсерлерді кері қайтаратынын көрсетті.
1976 жылы The Lancet журналында Дж. Э. Тертонның зерттеуі жарияланды, онда ол өзінің ағзасында ішек анкилостомозы инфекциясын Necator americanus сақтап, өзінің аллергиясын айтарлықтай жеңілдеткені сипатталған.
Күмәнсіз, тірі гельминттерді «ескі достар» ауруларын емдеуде пайдалану даулы болып қалады, ал гельминттермен жұқтыруды, жеңіл айтқанда, денсаулыққа пайдалы деп айту қиын. Және шынында қауіпсіздікке қатысты айқын алаңдаушылықтар бар. Сондықтан нақты альтернатива – гельминттердің механизмдерін пайдаланатын молекулалық компоненттерді қолдану. Бір эксперимент барысында тәжірибелік тышқандарға аскариданың секрециясынан алынған ақуыз берілді. Бұл ақуыздың ішек барьерін деградациялауды алдын-ала және майлы тканьнің артуына кедергі жасары анықталды, яғни қабынуға ықпал ететін механизмдерді тоқтатады. Тышқандардың орташа өмір сүру ұзақтығы 12%-ға артты. Бұл енгізілген ақуыздың қабынуды басып, қартаюды тоқтатуға қабілетті екенін айғақтайды.
Осындай зерттеулер гельминттердің және гельминттермен бөлінетін өнімдердің ревматоидты артриттен, атеросклероздан және 2 типтегі қант диабетінен қорғануда тиімділігін көрсетеді. Сондай-ақ, гельминттермен емдеу қатерлі ісікке қарсы терапия ретінде қолданылуы мүмкін деген дәлелдер бар. Бірнеше тышқандарға жүргізілген зерттеулер таспа құрттардың тоқ ішектің ісіктерінің пайда болуын болдырмайтынын көрсетті. Алайда, кейбір гельминттер қатерлі ісік тудыруы мүмкін екенін атап өткен жөн. Мысалы, трематодтық паразит Schistosoma haematobium қуықтың қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, бұл зерттеулер гельминттердің қабынуды тікелей азайта алатынын растамаса да, ақыр соңында бұған әкелетін процестерден қорғай алатындығын көрсетеді.
Бұл тақырып бойынша зерттеулер жалғасуда. Көптеген түсініксіз мәселелер әлі де бар. Авторлардың айтуынша: «Өткен ғасырда гельминтоздардың зиянын жоюдағы жетістіктерден кейін, қазір олардың мүмкін болатын артықшылықтарын, әсіресе қартаю үстіндегі халқымыз үшін, одан әрі зерттеу уақыты қолайлы көрінеді - қаншалықты оғаш естілсе де».