16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Алматыда МРТ-ны қайда жасаған дұрыс?

    Сіздер үшін TopDoc.me магниттік-резонанстық томографияның әлеуетті аппараттары және жоғары білікті мамандары бар адал медициналық орталықтарды топтастырып жинады.

    Магниттік-резонанстық томографияны жасаған үшін американдық химик Пол Лотенбург пен ағылшын физигі Питер Мэнсфилд Нобель сыйлығын алған. Егер оларға бұл марапат берілмеген жағдайда, сірә, әлемнің барлық дәрігерлері ішкі ағзаларды және олардың қызметін тіліксіз көру мүмкіндігі үшін миллион доллар жинап берер еді.

    МРТ АРҚЫЛЫ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН АҒЗАЛАР:

    • бас және жұлын миы
    • байламдар, бұлшықеттер және тамырлар
    • омыртқаның барлық бөлімі (мойын, кеуде, бел-сегізкөз)
    • буындар (иық, тізе,жамбас-сан, табан-жіліншік, білезік пен табан)
    • қалқанша безі
    • іш қуысы мен ішастар арты кеңістігі  
    • кіші жамбас мүшелері (жатыр, жатыр қосалқылары, қуықасты безі және т.б.)
    • кеуде қуысы мүшелері (жүрек, өкпе мен бронхтар, сүт бездері)
    • ұйқы асты безі
    • көкбауыр
    • бауыр, бүйректер мен басқа да мүшелер.

    Бұдан басқа, магниттік-резонанстық томограф мүшелерді ғана емес, олардың қызметін де зерттеуге қабілетті. Атап айтсақ, қан айналымының жылдамдығын, жұлын-ми сұйықтығының ағысын өлшеу, тіндерде диффузия (таралуы) деңгейін анықтау, бас ми қабығының белсенділігін қадағалау және тағы басқа.

    МРТ жұмысының принципі сутегі ядросының магниттік әсерге жауап қайтару қасиетіне негізделген. Сутегі су молекуласының құрамына кіреді. Адамның денесі де 70% судан тұрады.  Магнит өрісінің және радиожиілікті импульстың әсерінен сутегінің протондары сигнал береді. Бұл сигналдар арнайы сезбектер арқылы тіркеледі, өңделеді және компьютерде кескін ретінде көрінеді. 

    Магниттік-резонанстық томографта зерттеу емделуші үшін қауіпсіз деп есептеледі және бірнеше мәрте жүргізуге болады. 1997 жылы азық-түлік пен дәрілерді бақылау бойынша американдық басқарумен емделуші және медициналық қызметкерлер үшін индукциясы 4 теслаға дейінгі томографтар қауіпсіз деп танылған.  Алматыда МРТ магнит өрісі 1,5 теслаға дейінгі томографтарда жүргізіледі. Дәл осы аппараттар қазіргі уақытта диагностикалық мақсатта оңтайлы деп есептеледі. 

     МРТ-ны ҚАЙДА ЖАСАЙДЫ?

    Алматыда 2015 жылдың аяғынан бастап NOVA Medical Centre диагностикалық клиникасы жұмыс істейді. Медициналық орталықта  1,5 теслаға дейін қуаттылығы бар МРТ-ның ең заманауи аппараты Hitachi Echelon орнатылған. Бұл - томография саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірімен өндірілген аппараттардың жаңа буыны. Суреттің сапасы маманға тез және нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Қазақстанның бірнеше қалаларында орналасқан NOVA клиникасы Superstar 0,35Tl ашық типті жаңа МРТ-мен жабдықталған. Бұл жүйенің үлкен саңылауы бар. Ол ірі денелі (100 кг артық) және клаустрофобиясы бар адамдар үшін мінсіз жарайды.

    Алматының орталығында «SEMA Hospital» медициналық орталығы орналасқан. Ол 2011 жылы ашылған,  «SEMA» түрік клиникалар желісінің филиалы болып табылады. Сонымен бірге ол - TopDoc.me-дің «2019 жылдың ең үздік медициналық орталығы» атты байқауының жеңімпазы. Әдетте Almaty SEMA Hospital тәулік бойы режимінде жұмыс істейді, бірақ қазіргі уақытта эпидемия жағдайында жұмыс кестесі өзгерді: клиника жұмыс күндері 8-00-ден 17-00-ге дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс - 13-00-ден 14-00-ге дейін. SEMA клиникасында емделушінің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінеді. Медициналық орталықтың қызметкерлері КТ мен МРТ зерттеулері ағзаға ешқандай зиян келтірмейтініне кепілдік береді. Клиника штатында Қазақстанның тәжірибелі мамандарымен қатар халықаралық жоғары біліктілігі бар түрік дәрігерлері де жұмыс істейді.

    Медициналық орталықтағы МРТ аппараты - GE компаниясы өндіретін 1,5 Tl ең сенімді аппараттардың бірі.

    Медициналық клиникалардың шетел желісі филиалдарының бірі - «МРТ Лидер». Ең алғашқы диагностикалық орталық желісі Ресейде, Қиыр Шығыста пайда болған, жақын уақыттан бері Қазақстанда да ашылған. «МРТ Лидер», өз атына сай, магниттік-резонанстық томография бойынша мамандандырылған. Орталықтар әлемдік өндірушілердің (Philips, Siemens, Toshiba, GE) 1,5 Тl қуаттылығы бар заманауи және дәлдігі жоғары МРТ аппараттарымен жабдықталған. «МРТ Лидер» орталықтарының мақтаныш көзі – жоғары мамандандырылған қызметкерлері. Әр қалада «белгілі» мамандар жұмысқа алынады. Бірақ соған қарамастан қызмет үшін тарифтер құны көтерілмеген, топтың ұраны – шынайы бағамен жоғары сапалы диагностика. Сканерлеу уақыты 15 минуттан 60 минутқа дейін, қорытынды 2 сағат ішінде беріледі.

    «Private Clinic Almaty» медициналық орталығы нарықта әлдеқашан абыройға ие болған. Бұл клиниканың дәрігерлері ең күрделі жағдайларды шешуге тырысады. Мысалы, бірегей оталар жасайды, босандырып алу, жарақат пен ауыр сырқаттардан кейін емделушілерді оңалтуды жүргізеді. Орталықта орнатылған Siemens компаниясының Magnetom Essenza (1,5 Tl) жоғары өрісті магниттік-резонанстық томографы Қазақстанда ең жақсы аппараттардың бірі болып табылады. Ол 125 кг салмақты емделушілерді де, жаңа туған нәрестелерді (анестезиямен) де зерттеуге мүмкіндік береді. Private Clinic клиникасында зерттеудің толық анонимділігі мен дәрігерлік құпияны сақтауды қатаң қадағалайды. Жайлы жағдайлар мен қызметкерлердің қамқорлығына да кепілдік беріледі.

    МРТ ТУРАЛЫ АҢЫЗДАР

    МРТ үшін қарсы көрсеткіштер туралы көптеген аңыз-әңгімелер бар. Тіс импланты, эндопротездер, татуировкасы бар адамдарға магниттік-резонанстық томографияны жасауға болмайды деген алып-қашпа әңгімелер көп. Шын мәнінде, тыйымдар көп емес. Денеде темір, кобальт, никель сияқты металдардың болмағаны дұрыс. Бұл элементтер магниттік толқынмен қатты шағылысады. Бірақ қазіргі уақытта ендірілетін материалдар, негізінен, титан құйындысынан жасалынады. Бұл металға магнит әсер етпейді.Құрамында болат немесе басқа магнитті тартатын металдар бар жасанды «бөлшектер» абсолютті қарсы көрсеткіш болып есептелмейді. Пластина, буын немесе спицалар томография жасалатын аймақтан тыс орналасса, олар суреттің сапасына ешқандай әсер етпейді. Металл бөлшектері қызуы мүмкін. Сонда емделуші процедура барысында батырманы басып, қолайсыздық туралы хабарлайды. Татуировкамен де дәл осындай жағдай болады. Егер татуаж кезінде металл бөлшектері бар бояу қолданылса, онда сурет салынған беткей күйікке дейін қызуы мүмкін.

    МРТ-ны ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН САНАТТАҒЫ ЕМДЕЛУШІЛЕРГЕ ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ:

    • кардиостимулятор немесе дефибрилляторы бар
    • ортаңғы құлақтың ферромагниттік немесе электронды имплантаты бар
    • үлкен металл имплантаттары, ферромагниттік жарықшағы бар
    • Илизаров ферромагниттік аппараты бар.

    ТӨМЕНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН ЭЛЕМЕНТТЕР БАР ЖАҒДАЙДА МРТ-НЫ САҚТЫҚПЕН ЖҮРГІЗЕДІ:

    инсулиндік сорғы (помпалар)ішкі құлақтың ферромагниттік емес имплантаттарыжүрек қақпақшаларының протезіқан тоқтататын клипстер, скобкалар (ми қантамырларынан басқа)тіс протездері (мост), брекеттер, коронкаларқұрамында металл бар бояғыштармен жасалған татуировкаларжүктіліктің бірінші триместріемделушінің жағдайының ауырлығы, өкпені жасанды желдету аппаратына қосу және т.б. клаустрофобия, психикалық аурулар, емделушінің бірегейсіздігі.

    Әрбір нақты жағдайда дәрігер емделушінің индивидуалды ерекшеліктеріне қарай шешім қабылдайды. Бұдан басқа, заманауи рентген - аппараттар мен компьютерлік томография да диагностиканың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

    Біздің сервис Сіздерге қажетті дәрігер мен дәл өзіңізге лайықты медициналық орталықты табуға көмектеседі. Хабарласыңыздар, біз сіздер үшін тырысамыз!

    Барлығынан хабардар болыңыз.

    Біздің https://t.me/TopDocKz Telegram каналымызға жазылыңыз.

    Мүмкін сізге осы мақалалар пайдалы болар:

    БАЛАДА ДЕНЕ ҚЫЗУЫ МЕН АУРУ СЕЗІМІ – НЕ ІСТЕУГЕ БОЛАДЫ?

    АҒЗАМЫЗДА ПАРАЗИТТЕРДІҢ БАР-ЖОҒЫН ҚАЛАЙ БІЛУГЕ БОЛАДЫ ?

    ЖҮЙКЕ ТАМЫРЛАРЫ МЕН СІҢІРЛЕРДІҢ ЗАҚЫМДАНУЫ: ТИІМДІ ОҢАЛТУДЫ ҚАЙДА ӨТУГЕ БОЛАДЫ

    «АҚЫРЫ МЕН ӨЗ ДӘРІГЕРІМДІ ТАПТЫМ!» Қыркүйек айының үздік дәрігері

    TOPDOC.ME ҰСЫНАТЫН КЕҢЕСТЕР: МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

    КӨКТЕМГІ D ДӘРУМЕНІ: КӨҢІЛ-КҮЙДІ КӨТЕРІП, СЕРГІТІП, АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ