16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Фото жобасы "Біздің Батырлар"

     

    Елдің ең ірі «Апорт» сауда орталығы және Topdoc.me дәрігерлерді іздеудің бірыңғай қызметі «Біздің батырлар» атты ерекше фотожобаны ұсынды, ол дәрігерлерге арналған. Көрме кейіпкерлері өздерінің қиын және маңызды еңбектері туралы баяндайды.

    Күнделікті өмірде адам көптеген қиындықтарды жеңеді және, әдетте, денсаулығы туралы, өз-өзіне көңіл бөлудің және қамқорлық жасаудың қажеттілігі туралы ойланбайды. Тек аурумен бетпе-бет кездескенде ғана денсаулықтың құны қандай екенін түсінеміз. Нақ осындай ең қиын жағдайларда дәрігерлер көмекке келеді, олар күш-жігерін аямай, толықтай, сарқылмай адамдарға қызмет етеді. Бірақ біз әрқашан дәрігерлердің адамдарға қалай көмектесетінін, олардың күш-жігерін жоғары бағалай бермейміз, олар өз өмірлерін қатерге тігіп істейді. Бұл нағыз батырлардың ерлігі емес пе?

    Біздің фотожобамыздың мақсаты - бүгінгі қиын-қыстау кезеңде бізді қорғап, өмірлерін қатерге тігетін дәрігерлерге - батырларға құрмет көрсету және ризашылығымызды білдіру. Біз оларға портреттерден бізге үндеу жасауға және осы әлемдегі ең маңызды кәсіпті не үшін таңдағанын айтуға мүмкіндік бергіміз келеді.

    Көрмеде хирургия, педиатрия, эпидемиология, травматология, реаниматология және басқа салалардың жетекші мамандары болып табылатын 24 дәрігердің фотосуреттері ұсынылған. Әрбір портрет - бұл жай ғана дәрігердің суреті емес. Бұл жетістіктер мен табыстарға, алғыс білдірген пациенттер мен құтқарылған жандарға толы өмір. Кейіпкерлердің арасында жақында ғана мамандыққа келген, бірақ қазірдің өзінде салмақты нәтижелерге қол жеткізгендер және бүкіл өмірін адамдарға қызмет етуге арнағандар бар. Солардың бірі - эндокринолог, ғылым докторы, профессор, Қазақстанның ғылым саласының қайраткері Михаил Ефимович Зельцер, оның еңбек өтілі 64 жылды құрайды. Қартайған жасына қарамастан, ол өмір бойы атқарған ісін жалғастыруда.

    Оның жанында Алматы қаласындағы №4 қалалық аурухананың нейрохирургы Ажибеков Нуржан Орынтаевичтің фотосуреті бар, ол 2019 жылғы желтоқсанда Fokker 100 ұшағының әуе апатында зардап шеккендерді оперция жасаған.

    15 жылдық тәжірибесі бар жедел медициналық жәрдемнің реаниматолог дәрігері Динара Абдукаримқызы Сихимованың есеп-шотында мыңдаған құтқарылған өмірлер бар.

    Алматы қаласы И.С. Жекенова атындағы клиникалық инфекциялық аурухананың инфекционист-дәрігері Сая Туркистановна Уалиева - коронавирус инфекциясының негізгі соққысын өз мойнына алғандардың қатарында.

    Әр дәрігер - бұл жеке оқиға.

    Дәрігер болып туылу керек, азап шеккен адамдарға көмектесуге деген ұмтылысты жан дүниеңмен сезінуің керек, оларды өз жылуымен және түсінігімен жылытуды қалау керек.

    «Батырларымыз» көрмесі – бұл қоғамға, әрқайсымызға арнап, медицина қызметкерлерінің қиын жұмысына назар аударуға, оларға сенімді арттыруға және кәсіптің беделін көтеруге арналған өзіндік үндеу. Коронавирус індеті күндері дәрігерлердің ерліктерін құлақпен естігенбіз, бірақ дәрігердің қаһармандығы бір ғана батырлық әрекеті емес. Бұл күнделікті адамдарға адал қызмет ету. Бұл сенің жақындарыңның өмірі дәрігерлердің қолында болған кезде ерекше сезіледі. Дәрігерлерді жер бетінде құдайлар деп бекер атамайды - өйткені біздің өміріміз тудан бастап өмірінің соңына дейін олардың қолында.

    Фотовыставка 1 тамызға дейін жалғасады. Біздің батырларымызды көруге және естуге келіңіздер!