Сүндеттеу немесе ғылыми тілмен айтқанда «циркумцизия» өте көне операция, оның жазбалары шамамен б.э.д. 2300 жыл бұрын Египет қабірлерінде табылған.
Циркумцизия өзектілігін осы күнге дейін жоғалтқан жоқ. Процедураны фимоз және жиі инфекциялық аурулар секілді медициналық көрсеткіштері бар науқастарға тағайындауы мүмкін, сондай-ақ обрезание ерте эякуляциядан зардап шегетіндерге медициналық мақсаттарда тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл рәсім діни себептер бойынша да жүргізіледі, мысалы, яһудилер оны «Брит-мила» деп атайды және өмірінің 8-ші күнінде өткізеді, мұсылмандар үшін рәсім «Сүндет» деп аталады, бірақ ол әрқалай өткізіледі - кейбіреулерінде 13 жасында, басқаларында туғаннан кейін 4-5 жылдан кейін өткізіледі. Рәсімді өткізгенде туыстар арасында той-думан өткізіледі.
60-жылдардың басында сүндеттелудің және жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі арасындағы байланысты зерттеулердің нәтижелері жарияланған кезде, бұл рәсімге сенімсіздікпен қараған бүкіл Еуропа сүндетке отырғызу кезегіне тұрды, өйткені мұсылмандар мен еврейлерде жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі жоқ екендігі, ал бұл халықтардағы әйелдердің жатыр мойны ісігі 6-7 есе аз екендігі анықталды.
Жаңалықтардан хабардар болыңыз. Біздің Telegram арнаға жазылыңыз https://t.me/TopDocKz.
Қазіргі уақытта интернетте операцияны классикалық әдіспен немесе заманауи технологияларды қолдану арқылы қалай жақсы өткізу керектігі туралы көптеген даулар мен қайшылықты пікірлер бар? Операцияны қай жаста жасау жақсы, сонда ол аз жарақаттанады - нәрестелік кезеңде ме немесе мектепке дейінгі жастағы балаларда ма?
Бұл саладағы маманның пікірін тыңдау әлдеқайда дұрыс болады деп шештік – хирург, педиатр Будан Али Куршат, 36 жылдық тәжірибесі бар дәрігер, балалар хирургтары қауымдастығының мүшесі.
Будан Али Куршат – педиатрия және хирургия саласына маманданған, сүндеттеуге, уздечканы кесуге және басқа да операцияларды жүргізеді. Дәрігердің сізге көмектесетін барлық аурулардың тізімімен біздің сайттағы дәрігердің профилінен таныса аласыз.
Сәуір айында Куршат-бей біздің пациенттеріміздің пікірлері бойынша үздік дәрігер атанды. Біз оны құттықтап, серіктестерімізден сыйлықтар, диплом және Айдың Үздік Дәрігері белгісін табыстадық.
Әрине, біз оны оның мамандығына қатысты ең өзекті сұрақтарға жауап бермей жібергіміз келмеді.
- Құршат-бей, тығыз кестеңізге қарамастан бізге уақыт бөлгеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздіңше, сүндеттеуді нәресте кезіндегі ме, әлде үлкен жаста жасаған дұрыс па?
- Менің ойымша, сүндеттеуді баланың бірінші жылында жасау жақсы, нәрестелерде жара тез жазылады және қалпына келеді, сондай-ақ қабыну процестерінің пайда болу қаупі жоқ. Әрі бұл балаға аз стресс, себебі ол әлі кішкентай және не болып жатқанын түсінбейді.
- Сүндеттеудің жыныс мүшелерінің рагына әсері бар ма?
- Сөзсіз, бұл бұрыннан дәлелденген. Дұрыс емес гигиена кезінде ұзын терінің қатпарларында кір (зәр, ұрық) жиналуы мүмкін, бұл несеп жолдарының ауруларына және қабынуларға әкелуі мүмкін, бұл онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады. Сонымен қатар, рактың ерте кезеңдерінде емдеу үшін сүндетке отырғызу жеткілікті болуы мүмкін.
- Қазір жаңа технологиялар дәуірінде барынша көп дәрігерлер сүндеттеу лазермен жасайды, ал сіз лазерді ме әлде скальпельді қолдайсыз ба?
- Әрбір құралдың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар екені рас, классикалық әдісті, скальпельді қолданғанда жарақат аз болып, қалпына келу уақыты жылдам болады, бірақ қан кету көп болады. Лазермен операция жасағанда қан кету аз болады, бірақ ісіктер көбейеді және қалпына келу уақыты ұзаққа созылады. Сондықтан мен операцияларды осы екі құралды біріктіре отырып жасаймын: скальпельмен кесіп, қан кетуді азайту үшін лазермен күйдіремін.
Дәстүр бойынша біз жеңімпаздарға ұзақ жылдар бойы бізбен бірге болған және сәнді, әдемі медициналық халаттар мен жиынтықтарды жеткізуші серіктесіміз Мега Тренд компаниясынан сапалы медициналық киім сатып алуға сертификаттар береміз.
Дәрігерлерге жазылудың үш әдісі бар:
1) Біздің сайтта сілтеме арқылы өтінім қалдыру;
2) Бізге Whats'App-қа жазу;
3) Біздің Call-орталығымызға келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалыңыз: +7 (727) 22 55 009, +7 (707) 22 55 009.
Еске саламыз, «Жылдың Үздік Дәрігері» және «Жылдың Үздік Клиникасы» конкурстарының аяқталуына аз ғана уақыт қалды. Қорытындылар желтоқсан айының соңына дейін шығарылады және біз жеңімпаздарымызды құттықтай аламыз.
Құрметті пациенттер мен сервисіміздің қолданушылары, Сіздерден өтінішіміз, өз пікірлеріңізді толыққанды түрде қалдырып отырыңыздаршы, осы арқылы Сіз басқа пациенттерге қажетті дәрігерлерді табуға көмектесесіздер және бізге сервисімізді дамытуға және Сіздерге одан әрі пайдалы болуға ықпал жасайсыздар.
Құрметпен, Сіздің TopDoc.Me