16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Шілде айының ең үздік клиникасы

    Тамыз - қарбалас айы, мектеп оқушылары мектепке дайындалып жатыр, жұмыс істейтін халық соңғы демалыс күндерін өткізуде, бірақ біз бәріміз бірге ыстық жаздың соңғы күндерін өткізіп жатырмыз, біреулер өкініп, салқынды ұнататындар қуанып жатыр.

    Біз өз дәстүріміз бойынша шілде айының қорытындысын шығарамыз және айдың «Ең үздік клиникасын» таңдаймыз.

    Пациенттердің пікірлері бойынша, «TopDoc.Me» сервисі арқылы ең үздік клиника болып  «Альта» медициналық орталығы атанды.

    TopDoc.Me клиниканың бас дәрігері - Ирина Аркадьевна Моисеенконы құттықтап, құттықтау дипломы мен демеушілердің сертификаттарын табыс етті.

    Клиниканың мамандануы: Педиатрия, Гинекология және Терапия, сонымен қатар ультрадыбыстық, функционалдық тексеруден өтуге болады, сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізіледі.

    «Альта» медициналық орталығында барлық медициналық жабдықтар жоғары сапалы, Оңтүстік Корея мен Еуропада өндірілген, 3-4 жыл бұрын орнатылған. Сізге басқа орталықта немесе зертханада талдау тапсыруға және тексеруден өтуге қосымша уақыт жұмсаудың қажеті жоқ.

    Өткен жылы ең үздік балалар дәрігері номинациясында үшінші орынды балалар невропатологы және нейрофизиолог - Каиргали Исмагулович Конеев иеленді, ол «Альта» МЦ қабылдауды жүргізеді.

    Медициналық орталық үшін пациенттердің емделуге қанағаттануы маңызды.

    Құрметті оқырмандар, ең үздік клиникаларды анықтауға пікірлеріңіз арқылы қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз, осы дауыс беру қорытындысы бойынша жылдың ең үздік клиникасын таңдаймыз Жылдың ең үздік клиникасы.

    Дәрігерлерге қабылдауға жазылу үшін сайтқа тәулік бойы өтініш қалдыра аласыз, операторлар сізге жұмыс уақытында қайта қоңырау соғады немесе біздің Call-орталыққа +7 (727) 22 55 009 нөміріне қоңырау шалып хабарласуға болады. Сондай-ақ, біз WhatsApp-тағы өтініштеріңізді күтеміз +7 (707) 22 55 009.