• Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Денсаулық сақтау министрлігі жанынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылады

    Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сейсенбі, 15 қаңтар күні үкімет отырысында хабарлады

    Ведомство басшысының айтуынша, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мынадай функцияларға ие болады:

    - адамның денсаулығына əсер ететін тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау;

    - медициналық қызметтердің сапасын бақылау;

    - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында, оның ішінде дәріханалардағы бөлшек сауда бағаларын бақылау саласында бақылау;

    - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында бақылау.

    Елжан Біртанов комитет пен оның аумақтық бөлімшелерін құру жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар 2019 жылдың сәуір айында аяқталатынын айтты.

    Министр сондай-ақ соңғы төрт жыл ішінде тұтыну нарығында сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санының азаю үрдісі байқалатынын атап өтті. Осылайша, 2015 жылдан 2018 жылға дейін төмендеу пайызы 26%-дан 14,1%-ға дейін болды.

    2018 жылы өнімнің қауіпсіздігін ай сайын бақылау аясында шамамен 70 мың өнім сынамасы сатып алынды, олардың жалпы санының ішінде зертханалық сараптама нәтижелері бойынша 9740 техникалық регламенттерге, оның ішінде өндірушілердің таңбалау ережелерін сақтауға – 69%, қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестікке – 23,5%, сондай-ақ физика-химиялық көрсеткіштерге сәйкестікке – 7,2% сәйкес келмеді.

    Сәйкес келмейтін өнімнің негізгі көлемі – 66% импорттық, ал 34% отандық өндірушілердің өнімі.

    Анықталған бұзушылықтарды жою үшін өткен жылы 2 мыңнан астам бұйрық (2017 жылы – 1166), 877 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (2017 жылы – 415) қозғалды, соттың 193 шешімі шығарылды (2017 жылы – 116). 22 тоннадан астам қауіпті өнім сатылымнан алынды және жойылды (2017 жылы – 20,5 тонна). 70 млн теңгеден астам айыппұл салынды (2017 жылы – 44,3 млн теңге).