Қазір тұмау маусымы, және көпшілігі осы аурудан қорғануға тырысады. Дегенмен, оларға дұрыс сақтану үшін біздің әрқайсымызға дұрыс ақпаратты білуіміз керек. Сондықтан бүгін біз сіздермен тұмау туралы ең көп таралған мифтермен бөлісеміз.
Ауруға шалдыққанда терезелерді жауып, бөлмеде оқшауланады. Бұл үлкен қателік. Науқас жатқан бөлмені міндетті түрде желдету қажет!
Кейбір адамдар тұмауды күрделі ауру деп таппай, жұмысқа барады. Бұл ауруды ұзартып, асқынуларға алып келуі мүмкін. Сондықтан жақсы демалып, көп сұйықтық ішу қажет. Ең жақсы сусын: лимон, имбирь және бал қосылған шай. Егер балға аллергия болмаса ғана.
Антибиотиктер - өте күрделі мәселе. Оларды тек дәрігердің нұсқауымен қолдану қажет. Аурудың бастапқы кезеңінде "Антигриппин" секілді дәрілерді қабылдап, жақсы ұйықтап, дәрумендермен қолдау керек. Сақ болыңыз!
Суықтан тұмау жұқтыруға болады - бұл тұжырым шындыққа жанаспайды. Иә, жылы киіну қажет, бірақ суықтан тұмау жұғу мүмкін емес. Мысалы, қоғамдық орындарда (әсіресе көлік ішінде) медициналық маска кию арқылы алдын алу шараларын қолданыңыз. Тұмау - жұқпалы ауру.
Құрметті оқырмандар, денсаулықтарыңызды сақтаңыздар! Дұрыс тамақтанып, ұйықтап, дәрумендер қабылдаңыздар.
Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін біз cookies және келушілердің деректерін қолданамыз. Сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз олардың қолданылуына келісесіз.