16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Қазақстандықтардың жеке куәліктеріне ағзаларын донорлыққа беру келісімі туралы мәлімет енгізілуі мүмкін

    Қазақстандықтардың жеке куәліктерінде ағзаларын донорлыққа беру келісімі немесе одан бас тартуы туралы мәліметтер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы республикалық трансплантология үйлестіру орталығында мәлімдеді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

    Орталық басшысы, академик Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта елімізде Денсаулық кодексі жобасы әзірленуде. Құжатқа кейбір өзгерістер енгізілмек.

    Атап айтқанда, құжаттың бір тармағында қазақстандықтардың жеке куәліктеріне донорлыққа келісім беру немесе одан бас тарту туралы белгі енгізілетіні айтылған.

    Академик қазіргі кезде әрбір азамат өзінің өмірінде қайтыс болғаннан кейін донор болғысы келетін-келмейтінін анықтай алатынын еске салды. Егер келісім берген жағдайда, ол өзінен жазбаша рұқсат қалдыруы қажет.

    Бүгінгі таңда әрбір азамат egov.kz порталында донорлыққа келісім беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдай алады.