16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Шілде айының үздік дәрігерін TopDoc.me пациенттері таңдады

    TopDoc.me дәрігерлерін іздеу сервисінде ай сайын өтетін дауыс берудің қорытындысы бойынша шілде айының үздік дәрігері невролог Қайрат Балташевич Абдразаков болып танылды.

    Шілде айының таңдау нәтижелері TopDoc.me сайтындағы ризашылық білдірген пациенттердің пікірлерімен расталады:

    • «Дәрігер қатты ұнады. Емделіп жүрміз».
    • «Алғашқы рет келдім. Өте сабырлы, байсалды және егжей-тегжейлі түсіндіреді. Барлығы шындықпен, дәл айтады. Көп ұнады. Мұқият тексерді. Білікті маман».
    • «Қабылдау жақсы өтті. Дәрігер тағайындаулар жазып берді, қосымша тексерулерге жіберді».
    • «Қабылдау кезінде ол сыпайы болды. Маған кеңес беріп, ұсыныстар жасады және ем тағайындады. Одан әрі бақылап жүретін боламын».

    Жеңімпаз біздің сұрақтарға жауап беруге қуана келісті.

    - Сәлеметсіз бе, Қайрат Абдразақұлы! Құттықтауларымызды қабыл алыңыз! Қандай симптомдар болған жағдайда неврологқа жүгіну қажет?

    - Неврологқа адамның қорқынышы, алаңдауы, ұйқысыздық, ашуланшақтық, жылағыштық, кенеттен болатын көңіл-күй өзгертулері болған жағдайда жүгінеді. Жоғарыда аталған тізімнен негізгі симптом – бұл ұйқының бұзылуы. Осы белгі кезінде маманға кідірместен жүгіну қажет.

    - TopDoc.me пациенттеріне қазіргі уақытта жүйке жүйесін қалай қорғауға кеңес бересіз?

    - Пайдалы сұрақ (күлді). Асықпай өмір сүріңіздер. Сыртқы тітіркендіргіштерге аз көңіл бөлуді тырысыңыздар. Ашу, ыза және қорлауға бой алдырмаңыздар. Мүмкіндігінше сабырлы болыңыздар. Кейбіреулер медитациямен айналысады, басқалары дәрі-дәрмек қабылдайды. Мен, егер препарат ішсеңіздер, алдымен өсімдіктен шығатындарын қолданған дұрыс деп кеңес беремін. Мысалы, валериана, жалбыз, мелисса, долана және т.б. Егер бұл көмектеспесе және ауру өршіп тұрса, өздігінен емделуге болмайды. Дәрігерге жүгіну әлдеқайда сенімді.

    Қысқаша өмірбаяны:

    Қайрат Балташевич Абдразаков жоғары санатты дәрігер, невролог, психоневролог. «Жыл дәрігері 2015» ұлттық сертификатының иегері. «Алтын дәрігер» атағының иегері. КТК арнасындағы «Біздің шындық» бағдарламасында сарапшы-дәрігер ретінде жиі қонақта болады. Алматы қаласында көптеген ғылыми және публицистикалық мақалалар жазған.

    Шілде айының үздік дәрігеріне сайтта немесе +7 (727) 22-55-009, +7 (707) 22-55-009 нөмірлері арқылы жазылуға болады.