Пациенттердің пікірлеріне сәйкес, TopDoc.me сервисінің маусым айының ең үздік медициналық мекемесі деп Рахат клиникасы аталды.
Рахат клиникаларының Қазақстандық желісі заманауи әрі табысты медициналық бизнесті жүргізудің үлгісі болып табылады. 1993 жылы стоматологиялық қызметтер көрсету арқылы өз қызметін бастаған бұл орталық қазір көп бейінді заманауи медициналық орталыққа айналды.
Рахат - Алматы мен Астанада сегіз стоматологиялық клиникасы, төрт медициналық орталығы, заманауи перзентханасы бар, тармақталған желіге ие аз ғана отандық клиникалардың бірі. Рахат желісіндегі барлық медициналық нысандар дүниежүзілік денсаулық сақтау стандарттарына сай келеді.
Негізгі бағыттары тек стоматология емес, сонымен қоса жақ-бет хирургиясы, гинекология, урология, проктология, педиатрия және балалар стоматологиясы, физиотерапия, психотерапия, офтальмология, эндокринология, эстетикалық медицина және көп бейінді диагностика болып табылады.
Бүгінгі таңда холдингте медициналық ғылымдардың докторлары мен кандидаттары бар шамамен 450 жоғары білікті дәрігерлер мен мамандар жұмыс істейді. Сонымен қатар клиника шетелдік жетекші клиникалармен жыл сайын тәжірибе алмасады.
Тік ұйымдастыру, әдістер, жабдықтар және қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар Рахат клиникасының Қазақстандағы медицинаның эталоны ретінде өз орнын табуына мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Рахат клиникалар желісі белсенді қайырымдылық іспен айналысады: жыл сайын ашық есік күндерін өткізеді, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер береді, сондай-ақ дәрігерлерді іздестірудің бірыңғай сервисі TopDoc.me-пен бірге қайырымдылық акцияларына қатысады, олардың мақсаты - қабылданған балаларға көмек көрсету.
Еңбегі, біліктілігі және пациенттерге деген қарым-қатынасымен Рахат клиникасы TopDoc.me сервисінен алғыс ретінде сыйлықтар алды:
Біз Рахат клиникасын жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі ынтымақтастық одан да үлкен табыстар әкеледі деп үміттенеміз!