Дәрігерлер мен медициналық қызметтерді іздеуге арналған тегін онлайн-сервис TopDoc.me жаңа ауқымды байқауын – «ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ПІКІРЛЕРІ БОЙЫНША АЙДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК КЛИНИКАСЫ» іске қосады, деп хабарлайды arnapress.kz.
Акция не үшін өткізіледі?
Саралау қалай өтеді?
Көптеген адамдар белгілі бір дәрігерді ғана емес, сонымен бірге клиниканы да таңдайды: қызмет көрсету деңгейі, орналасқан жерінің ыңғайлылығы, персоналдың сыпайылығы, техникалық жабдықталуы. Бірақ ең бастысы бірнеше тексеру түрлерін өтіп, білікті мамандардың ұсыныстарын алу мүмкіндігі.
Клиника және оның дәрігерлері туралы пациенттердің пікірлері жеңімпазды таңдауда шешуші рөл атқарады. TopDoc.me пайдаланушылары медициналық орталықтағы болудың ыңғайлылығын, тіркеу бөлімінің жұмысын, қабылдау уақытын және т.б. бағалайды.
Сервис клиника пациенттеріне арналған қосымша шарттарды да ескеретін болады: автотұрақтың бар-жоғы; төлем әдістерінің ыңғайлылығы; акциялар мен жеңілдіктер; адалдық бағдарламалары және тағы басқа.
Сондай-ақ сервистің ынтымақтастығының тәжірибесі де ескерілетін болады. Егер клиника TopDoc.me сервисімен ұзақ уақыт жұмыс жасап келе жатса, ол арнайы шарттар ұсынса, жеңілдіктер мен акциялар өткізсе, бұл оларға байқауда қосымша артықшылықтар береді.
Жеңімпазды қандай сыйлықтар күтеді?
TopDoc.me сайтында 140 клиниканың профилдері орналастырылған. Порталда тіркелген 800-ден астам түрлі мамандықтағы дәрігер пациенттерге қызмет көрсетеді.
Сервис пайдаланушылары ай сайын өздері ең жақсы деп санайтын дәрігерге дауыс береді. Сонымен қатар, жылдың қорытындысы бойынша ең жақсы дәрігерлер мен клиникалардың рейтингі жасалған.
Дереккөз: https://www.arnapress.kz/almaty/health/109006/?dt=mp |