16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • «Жылдың үздік балалар дәрігері»: үш көшбасшы

    «Пациенттердің пікірлері бойынша жылдың үздік дәрігері» конкурсы үшінші ай бойы өткізілуде. Осы уақыт ішінде әр номинациядағы көшбасшылар бірнеше рет өзгерді. Бүгін біз сіздерге балалардың денсаулығын сеніп тапсыратын үш доктор туралы айтып береміз.

    sadyrbalinҮшінші орын – Ерлан Қадырлыұлы Садырбалин, хирург-ортопед және травматолог. Ерлан Қадырлыұлы балаларға сынықтар мен шығып кетулерде, іріңді-қабыну процестерінде, сондай-ақ туа біткен патологияларда – жалпақ табан, жамбас дисплазиясы және т.б. көмектеседі.

    «Дәрігер тамаша!» – деп оны емделушілері ұсынады.

    fateevЕкінші орынды Николай Викторович Фатеев, 37 жылдық тәжірибесі бар балалар нефрологы иеленді. Оған бүйректің инфекциялық, аутоиммундық және токсикалық зақымдануларымен жүгінеді.

    «Мейірімді, ілтипатты дәрігер!» - деп оны кішкентай науқастардың ата-аналары мақтайды.

    pozdnuhovaРейтингтің көшін бастап тұрған – гематолог Ольга Леонидовна Позднухова. Ольга Леонидовна педиатрия саласында 44 жыл жұмыс істеген. Көп жылдар бойы ол мемлекеттік емхананың дәрігері, гематология бөлімшесінің меңгерушісі болды. Үлкен тәжірибесіне қарамастан, Ольга Леонидовна үнемі біліктілігін арттырып, оқыту курстарынан өтеді, оның ішінде шетелде – Францияда, Австралияда, Түркияда және басқа елдерде.

    Дәрігер тәжірибелі, барлық сұрақтарыма нақты жауап берді.

    Маман ретінде ұнады. Барлығын егжей-тегжейлі түсіндірді.

    Тамаша дәрігер, ол бізді емдеп жазды.

    Конкурс туралы ақпаратты енді «ОҢ ТВ» арнасынан білуге болады - елдің ең ірі телеарналарының бірі жобаның ақпараттық серіктестерінің қатарына қосылды. Жаңа «әріптесін» Almaty TV, Forbes.kz, Exclusive.kz, 365.kz, ArnaPress.kz, DVesti.kz, MultiMediaService, LiftBoard-kz, ONmacabim және жобаның бас серіктесі – ALNAIR Medical компаниясы қарсы алды.

    Конкурс көшбасшыларына жазылу үшін www.TopDoc.me сайтында немесе 8(727)22-55-007, +7-707-22-55-009 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.