16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Демалыс күндері табиғат аясында: кенеден қалай сақтану керек?

    Алда — шын мәнінде жылы алғашқы демалыс күндері. Қалалықтар табиғатқа барады, ал онда... кенелер. Иә-иә, жақында жауған қарға қарамастан, бұл зиянды буынаяқтылар қазірдің өзінде аң аулауда. Қазақстанның көп бөлігінде энцефалиттік кенелер — қауіпті аурудың тасымалдаушылары - кене энцефалиті (және басқа аурулар) кең таралған.

    Кенеден қалай сақтану керек?

    1. Жеңі ұзын ашық түсті киім киіңіз, шалбарды шұлыққа салу, басына орамал не панама тағу, мойыныңызды да ораған жөн.

    2. Аллергия болмаса, аяқ киім мен киімді арнайы жәндіктерден қорғайтын құралмен — репелленттермен шашыратыңыз.

    3. Құрғақ шөптер, бұталар сияқты жерлерден аулақ болыңыз, ағаштардың астында ұзақ уақыт қалмаңыз.

    4. Әр сағат сайын бір-біріңізді кенелерді анықтау үшін қараңыз.

    5. Кенелер жиі жабысатын дененің бөліктеріне ерекше назар аударыңыз: шап аймағы; іш пен бел; кеуде, қолтықтар, мойын; құлақ маңы, шынтақ иілістері, тізе астында.

    6. Кене энцефалитіне қарсы вакцинация жасатуға болады.

    Егер кене әлі де жабысқан болса, сіздің әрекеттеріңіз:

    1. Мүмкін болса, бірден шағылғандарды қабылдайтын пункт ретінде белгіленген медициналық мекемеге барыңыз. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, паразитке май немесе спирт бар сұйықтық тамызып, 20 минут күтіп, содан кейін жіппен екі рет орап не ілмекпен қысып, тербеліс қозғалыстарымен кенені баяу шығарыңыз.

    2. Банкаға салып, өзіңізбен бірге ауруханаға апарыңыз.

    3. Энцефалиттің алдын алу (кенеге қарсы иммуноглобулин инъекциясы) жүргізілетін жақын маңдағы медициналық мекемеге кейін бір тәулік ішінде жүгініңіз.

    4. Екпе алдында дәрігерге бұрын болған және созылмалы аурулар туралы хабарлаңыз, аллергия туралы ескертіңіз.

    5. Шаққаннан кейінгі бір ай ішінде өз денсаулығыңызды бақылаңыз. Дене температурасының көтерілуі, әлсіздік, буындар ауыруы, жүрек айнуы, бас ауруы болған жағдайда, дереу дәрігерге - инфекционист немесе терапевт-ке жүгініңіз.

    Алматы қаласындағы кене энцефалитінің алдын алу пункттері:

    • Орталық қалалық клиникалық аурухана (Жандосоvа көшесі, 6)
    • Жедел жәрдем ауруханасы (Қазыбек би көшесі, 96)
    • №4 қалалық клиникалық аурухана (Папанин көшесі, 220)
    • №7 қалалық клиникалық аурухана (Калқаман ықшам ауданы)
    • Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы (Манас көшесі, 40).

    Кене энцефалиті — ауыр және қауіпті ауру, оны емдеуден гөрі алдын алу оңайырақ.

    Сәтті демалыс тілейміз!