16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Ауырған жұмыскерлерді үйге жіберіңіздер!

    «Мен кәсіпорындардың, ұйымдардың басшыларына үндеу тастағым келеді: егер сіздердің ұжымдарыңызда жедел респираторлық вирустық инфекциялармен, тұмаумен ауырған жұмысшылар болса, оларды дереу үйге жіберіңіздер. “Ауырған адам өндірістегі жау”! Бүгінгі күні бұл ұран бұрынғыдан да өзекті. Сондықтан осындай өтінішім бар», — деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бейсенбі, 15 желтоқсан күні Астанада өткен брифингте.

    Қазақстанда грипп және ЖРВИ ауруының көтерілуі, алдыңғы эпидемиялық толқындарды талдау бойынша, желтоқсанның ортасына келіп, қаңтардың соңында және 2017 жылдың ақпан айының басында ауру деңгейі шарықтайды.

    «Республикада ЖРВИ ауруының маусымдық деңгейі тіркеліп отыр, бақылау деңгейлерінен аспады. Эпидемиологиялық маусым басталғалы (2016 жылғы 1 қазаннан бастап) ЖРВИ-дің 150 мыңнан астам жағдайы тіркелді, науқастардың негізгі бөлігін, шамамен 66 пайызын, 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. 9 желтоқсанға қарай тұмаудың 155 жағдайы тіркелді. ЖРВИ мен тұмаудан өлім жағдайлары тіркелген жоқ», — деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

    Қолданыстағы зертханалық қызмет тұмау және басқа тұмауға жатпайтын инфекциялардың айналымын бақылауда ұстайды. Қазіргі уақытта тұмау A (H3N2) және В вирустарының айналымы анықталды. Бұдан бөлек, алдыңғы жылдардағы сияқты, Қазақстан аумағында парагрипп, респираторлы-синцитиалдық, метапневмовирустық, бокавирустық, риновирустық және аденовирустық инфекциялар сияқты тұмауға жатпайтын инфекциялар таралады, деп хабарлады Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

    Тұмаудың негізгі белгілерін еске түсірейік:

    • қызудың күрт көтерілуі (38°C — 40°C)
    • діріл
    • дене сырқырауы, бұлшықеттердің ауыруы
    • бас ауруы
    • әлсіздік, шаршағыштық
    • құрғақ, қатты жөтел, кеуде артында ауырсыну
    • ауыз бен жұтқыншақтың құрғауы.

    Асқынбаған жағдайда бұл белгілер 3-5 күн сақталады — одан артық емес.

    Тұмау асқынуларымен қауіпті: пневмония, менингит, энцефалит, миокардит, отит және т.б.

    Тұмауға жатпайтын инфекциялар (ЖРВИ) төменірек қызумен (38,5°C-қа дейін) және мұрыннан мол ағуымен, түшкіру, көз жасының ағуымен ерекшеленеді. Жедел белгілер әлдеқайда жылдам өтеді — үш күнде, ал асқынулар тұмауға қарағанда сирек кездеседі. Алайда бұл вирус инфекциясын елемеу керек дегенді білдірмейді: үй жағдайында бірнеше күн емдеу қажет.

    ЖРВИ-ді тез сауықтыратын кеңестерді отбасылық дәрігеріңізден алуға болады.

    Жаңа Жылды денсаулықпен қарсы алыңыздар!