Андролог дәрігердің басты міндеті – ер адамның ұрпақ өрбіту функциясын орындауына көмектесу болып табылады. Ол үшін андролог ер адамның жыныс жүйесінің қабыну, ағзалардың деформациясы, гормондық бұзылыстар, эрекциямен байланысты мәселелер, потенцияның төмендеуі, ер бедеулігі сияқты ұрықтануға кедергі келтіретін барлық бұзылыстарын емдейді.
Потенцияны арттыру, простатит, жыныстық аурулар, ұрықтануға байланысты мәселелер, жыныстық құмарлықты арттыру - бұлардың бәрімен андролог дәрігерлер айналысады.
Біздің дәрігерлер қатарында: Санжар Булатович Шалекенов - ғылым докторы, әр түрлі эректильді дисфункцияларды емдейтін операциялық хирург, Ерлан Амангелді-ұлы Куандыков - урология, андрология және сексопатология кафедрасының профессоры, Қазақстан ұлттық медициналық университетінің профессоры, Еуропалық урологтар қауымдастығының және Қазақстан уролог дәрігерлерінің ғылыми қоғамының мүшесі.
Авас Садыкович Алыбаев емдеу барысында халықтық және шығыс медицинасы мен натуропатия әдістерін қолданады. Нурлыбек Нурбекович Малгельдиев Дубай мен Германияда тәжірибеден өткен, консервативті және хирургиялық емдеу әдістерін меңгерген.
Любов Ивановна Николаенкода 47 жылдық жұмыс тәжірибесі бар, ал Асхат Масхутович Бабаджанов қазақ және орыс тілдерінде қабылдау жүргізеді, урология, сексопатология және андрология саласындағы ауруларды емдейді.