16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы 10 сұрақ

    Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОӘМС) жүйесін іске қосу келесі жылға қалдырылғанымен, оған дайындалу қазірден бастау керек. Біз ең жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды таптық.

    1. Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына кiм жарна төлейдi?

    Жарналар төленетін болады:

    • жұмыс берушілер — табыстан пайыз
    • жұмысшылар — жалақыдан пайыз
    • жеке кәсіпкерлер — табыстан пайыз
    • мемлекет — 15 санаттағы әр азамат үшiн орта айлық жалақысынан пайыз.

    2. Медициналық сақтандыру үшiн кiм төлемейдi?

    Мемлекет әлеуметтік осал топтардың 12 санаты үшін сақтандыру жарналарын төлейді:

    • балалар;
    • алтын алқа, күміс алқа және бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар, сондай-ақ «Ана даңқы» орденінің I және II дәрежелі иегерлері;
    • ҰОС қатысушылары және мүгедектері;
    • мүгедектер;
    • жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
    • интернаттық ұйымдарда білім алып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар;
    • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитындар;
    • жаңа туған баланы босануымен, балаларды асырап алумен (қыз асырап алумен) байланысты демалыста жүрген тұлғалар, 3 жасқа дейінгі бала күтіміндегі тұлғалар;
    • жұмыссыз жүкті әйелдер, 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;
    • зейнеткерлер;
    • жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде өтіп жатқан тұлғалар, ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда;
    • уақытша ұстау изоляторларында және тергеу изоляторларында ұсталатын тұлғалар.

    Сонымен қатар, 3 санаттағы қызметкерлер жарналарды төлемейді:

    • әскери қызметшілер
    • арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері (ұлттық қауіпсіздік, сыртқы барлау, мемлекеттік күзет қызметі)
    • құқық қорғау органдарының қызметкерлері (полиция, прокуратура және басқалары).

    3. Жалдап жұмыс iстейтiндер медициналық сақтандыру қорына қанша төлейдi?

    2019 жылдан бастап жалдамалы жұмысшылар өздерінің жалақыларынан ӘМСҚ-на 1% аударады, 2020 жылдан бастап — 2%.

    4. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (ресми түрде еш жерде жұмыс істемейтіндер және жұмыссыз деп танылмағандар) жарна төлей ме?

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға бірнеше нұсқалар ұсынылады.

    Біріншісі — жұмыссыз мәртебесін алу; бұл жағдайда жарналарды мемлекет төлейді (жұмыс тапқанға дейін). Екіншісі — кәсіпкер ретінде тіркеліп, кірістен жарналарды төлеу. Егер бизнес кіріс әкелмесе, жарна ең төменгі жалақының 2% құрайды.

    Қазіргі уақытта бұл айына 457 теңге немесе жылына 5484 теңге.

    Бұл сомаға адам медициналық қызметтердің толық спектріне, тіпті бірнеше миллион теңге тұратын қызметтерге де үміткер бола алады.

    2020 жылға дейін өз мәртебесін анықтай алмаған азаматтар медициналық көмектің толық көлемін алу құқығынан айырылады.

    5. Азамат жарналарды төлемесе және ауырып қалса не болады?

    2020 жылға дейін азамат амбулаториялық-поликлиникалық көмекті бұрынғыдай алады. Бірақ 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатыспаған азамат тек мынаған ғана құқылы болады:

    • жедел жәрдем,
    • шұғыл жағдайларда көмек (денсаулықтың күрт нашарлауы, өмірге қауіп төндіретін жағдайлар)
    • әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көмек,
    • қоршаған ортаға қауіпті аурулар кезінде көмек,
    • санитарлық авиация,
    • вакцинация.

    6. Қандай аурулар тегін емделеді және әрқашан тегін емделеді?

    • гепатит А, В және С,
    • АИТВ/ЖИТС,
    • қант диабеті,
    • қатерлі ісіктер,
    • психикалық бұзылулар,
    • балалар церебралды сал ауруы,
    • ревматизм,
    • дәнекер тінінің жүйелік зақымданулары (склеродермия, қызыл жегі және т.б.),
    • орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын-дегенеративті аурулары,
    • ОЖЖ демиелинизациялық аурулары,
    • инфаркт миокарды,
    • туберкулез,
    • геморрагиялық қызбалар,
    • күл,
    • менингококк инфекциялары,
    • полиомиелит,
    • жыныстық инфекциялар,
    • алапес (проказа),
    • безгек,
    • сібір жарасы,
    • холера,
    • оба,
    • іш сүзегі.

    7. Сақтандырылған тұлғаларға қандай медициналық көмек беріледі?

    • амбулаторлық-емханалық көмек амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету (тегін дәрі-дәрмек берілетін аурулар тізімін кеңейту жоспарлануда),
    • күндізгі стационар және үй стационары (стационарды алмастыратын технологиялар),
    • стационарлық медициналық көмек,
    • жоғары технологиялық медициналық қызметтер,
    • оңалту
    • ұзақ мерзімді мейірбикелік күтім.

    8. Медициналық сақтандыру қашан қолданылады?

    МСҚ жүйесінде медициналық көмек көрсету үшін Қордан төлемдер 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жасала бастайды. Сол кезде жүйенің қатысушылары жүйеде қарастырылған барлық медициналық көмекті ала алады.

    9. Жарналарды төлеу қашан басталады?

    • мемлекет 15 санаттағы халық үшiн жарналарды 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлей бастайды;
    • жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарналар аударады;
    • жалдап жұмыс iстейтiн жұмысшылар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударымдар жасайды.

    10. Жұмысшы жарналарды қалай төлейдi?

    Жұмысшының өзі төлемдер туралы алаңдаудың қажеті жоқ. Оның жұмыс берушісі өз табысынан және қызметкердің жалақысынан пайыздық аударымдар жасайтын болады.

    Жалпы жұмыс берушілердің жарналарының мөлшері кірістің 5%-ын құрайды, бұл ретте 2017 жылы аударымдар 2%-дан, 2018 жылы 3%-дан, 2019 жылы 4%-дан және 2020 жылдан бастап 5%-дан басталады.

    2019 жылы жұмысшылардың жалақысынан 1%, 2020 жылы — 2% ұсталатын болады.

    Мемлекеттiк арнайы санаттағы азаматтар шайын төлем ставкасы орташа айлық жалақының 7% құрайды. Сонымен қатар, ставка мөлшері кезең-кезеңмен көтеріледі: 2018 жылы 4%, 2019 жылдан бастап 5%, 2023 жылы 6% және 2024 жылдан бастап 7%.

    Жеке кәсіпкерлер мен басқа да өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жарна мөлшерлемесі табыстың 7%-ын құрайды: 2017 жылы 2%, 2018 жылы 3%, 2019 жылы 5% және 2020 жылдан бастап 7%.

    …Қорытындылай келе, осы ережелердің барлығы баяндалған заң жобасы қазіргі таңда (2016 жылдың қарашасы) тек мәжілістен өтті деп айта кетейік. Алда — сенатта бекіту және президенттің қол қоюы күтіп тұр. Дегенмен, заңның дәл осы түрінде қабылдану ықтималдығы өте жоғары. Сонымен, алты айдан кейін жаңа денсаулық сақтау жүйесі бізді күтіп тұрғанын айтуға болады.