16 желтоқсан - мереке күні. Call-орталық жұмыс істемейді
  • Дәрігерлер
  • Емханалар
  • Зертханалар
  • Қызметтер
  • Блог
  • Үздік дәрігер 2024
  • Диабеттің бес белгісін байқамаңыз

    Қант диабеті екінші тип (инсулинге тәуелсіз) біздің заманымыздың эпидемиясы деп аталады. 40 жастан асқан адамдар арасында қант диабетіне шалдыққандардың үлесі әр елде 5-20% құрайды!

    diabet_ishide

    Әр он секунд сайын әлемде қант диабетіне шалдығушылардың саны 2-ге артып отырады. Әр он секунд сайын 1 адам диабетке байланысты аурудан қайтыс болады. Диабет өлім-жітім себептерінің ішінде 4-ші орын алады.

    2-типтегі диабетке шалдыққандар саны 1-типтегі диабетпен ауыратындардан 10 есе көп. 2-типтегі қант диабеті дегеніміз не? Бұл ұяшықтардың инсулинге сезімталдығының бұзылуымен байланысты созылмалы ауру. Денсаулығы дұрыс адамның қан құрамына глюкоза (қант) түскен кезде инсулин гормоны шығарылады, бұл глюкоза ұяшықтарға енуіне мүмкіндік береді. Диабетиктің ұяшықтары инсулинге сезімтал емес және глюкоза ұяшықтарға ене алмайды, сондықтан ол қанда қалып, тамырлар арқылы тарайды және олардың қабырғаларын зақымдайды.

    Медиктер 2-типтегі диабетті толық емдеу мүмкіндігі туралы пікірталас жүріп жатыр. Қазіргі уақытта ол ресми түрде өмір бойы жалғасатын ауру болып есептеледі және ауыр асқынуларға әкеледі (соқырлық, ампутация қажеттілігі, импотенция). Қорықтыңыз ба? Одан әрі оқыңыз – ауруды предиабет кезеңінде "болдырмау" мүмкіндіктері бар. Келесі бес белгі бойынша өзіңізді тексеріңіз, сіздер қауіпті аймақтасыз ба.

    Қант диабетінің белгілері мен симптомдары.

    1. Тамақтан кейін ұйқышылдық. Тамақтан кейін ұйқы басқан адамның ағзасы инсулинге төзімді болуы мүмкін. Мұндай адамда глюкоза ағзаға түскен кезде ұяшықтарға ене алмайды және миға жетпейді. Нәтижесінде, ми өзінің негізгі тағамын – глюкозаны алмайды және "ұйықтап қалады".

    2. Тоймас аштық. Ағзада инсулин артық болған кезде глюкоза өте тез жасалып кетеді және адам үнемі тамақ жегісі келеді.

    3. Тұрақты шөлдеу. Ауыздың құрғауы және жиі сусындау зәр шығару мөлшерінің жоғарылауымен байланысты. Бұл белгі диабеттің жоғары ықтималдығын көрсетеді. Егер сіз өзіңізде жиі сусындау және дәретханаға бару қажеттілігін байқасаңыз – қан құрамындағы глюкозаны дереу тексеріңіз.

    4. Артық салмақ. Әрбір артық килограмм қант диабетінің ықтималдығын 5% көбейтеді. Егер өзіңіз арықтауда қиындық көрсеңіз, диетологқа баруға тура келеді – мұнда тек тартымдылық емес, денсаулық жайлы сөз қозғалады.

    5. Қышыну. Қолыңыз, көзіңіз, мұрныңыз қыши ма? Бұл әрқашан аллергия немесе дерматитпен байланысты емес. Қышу – қант диабетінің белгілерінің бірі.

    Егер сізде, бақытқа орай, аталған белгілердің бірде-біреуі байқалмаса, бірақ жасыңыз 40-тан асқан болса, эндокринологқа баруға уақыт бөліңіз және қан құрамындағы қант мөлшерін тексеріңіз. Қазір бұл дерлік әрбір ірі дәріханаларда жасалады, медициналық мекемелер жайлы айтпасақ та болады. Талдау үшін саусақтан қан алынады – өте кішкентай тамшы, ал қазіргі заманғы инелермен тері тесу дерлік сезілмейді. Нәтиже бірнеше секунд ішінде пайда болады. Сізге денсаулық тілейміз!