«Open Clinic» медициналық орталығы 2009 жылы «NSK» сақтандыру компаниясының қолдауымен алғашқы клиникаларын ашып, өзін танытты. Бірнеше жыл ішінде компанияда елеулі өзгерістер болды. Қазіргі уақытта, ол халыққа және сақтандырылған клиенттерге медициналық көмек көрсетеді.
«Open Clinic» желісі Қазақстанның 3 қаласында орналасқан - Алматы, Астана, Атырау және Құлсары
Құрылғаннан бері клиника сенімді медициналық орталық ретінде өзін дәлелдеді, оған мыңдаған пациенттер сенім артады. Клиника қызметтеріне сұраныс үнемі өсіп келеді, бұл одан әрі даму мен жаңа медициналық орталықтарды ашуға серпін береді.
Өз жұмысында «Open Clinic» пациенттерге сапалы медициналық көмек көрсету қағидатын басшылыққа алады. Біз науқастарымызға біздің клиникаға алғашқы жүгінген сәттен бастап құпиялылыққа кепілдік береміз.
Біз медицина саласындағы қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен әзірлемелерді қолданамыз, сонымен бірге дәстүрлі емдеу әдістерін сақтаймыз, олар дәлелді медицинаға негізделген. Болашақта біздің даму векторымыз жаңа клиникаларды тек Қазақстан бойынша құру ғана емес, сонымен қатар медициналық қызмет көрсету сапасын үздіксіз жетілдіру және компанияның жедел қызмет көрсету саласындағы одан әрі дамуы.