Жалпы мәліметтер
Жалпы еңбек өтілі – 15 жыл, жоғары біліктілік санаты.
Жетістіктері: Қазақстанда алғаш рет операция кезінде ояту анестезиясын өткізді, бұл ми аурулары бойынша операция жасатқан науқастардың 80-90 пайызының қозғалыс пен сөйлеу функцияларын сақтауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда алғаш рет екі түрлі операция (мидағы артериовенозды мальформацияны жою және кесар тілігі) кезінде наркоз жасады.
Негізгі қызмет бағыттары:
- ми мен жұлын ісіктері бар науқастарға нейрохирургиялық көмек көрсету кезінде заманауи жалпы анестезия әдістерін дамыту және қолдану,
- ауыр және сын күйдегі науқастарға жоғары сапалы ИВЛ аппараттарын қолдану;
- гемодинамиканы инвазивті бақылау және қанды қышқыл-негіз балансы мен газ жағдайын бағалауды қолдану арқылы науқастардың қауіпсіздігін қазіргі заманғы деңгейде қамтамасыз ету.
Білім
- 1999 ж. – Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясы, «Педиатрия» мамандығы, «Дәрігер-педиатр» біліктілігі;
- Израиль мен Қазақстанның жетекші клиникаларында оқу.