Жалпы мәліметтер
Анестезиолог-дәрігер, анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінің жоғары санатты реаниматолог дәрігері.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының үздігі, денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін медальмен марапатталған.
Жетістіктері:
- тыныс алу орталығының зақымдануы бар науқастарға интеллектуалды ӨЖЖ режимдерін қолдану;
- артқы бас сүйек шұңқыры ісіктері диагнозы бар науқастарға респираторлық қолдауды тоқтату протоколын енгізу;
- сегізден астам басылымның, бір өнертабыс патентінің авторы.
Негізгі қызмет бағыттары:
- тыныс алу орталығы зақымданған және респираторлық қолдау тоқтатылған науқастарға түрлі ӨЖЖ режимдерін енгізу;
- нейромониторинг және ояу краниотомия жағдайында нейрохирургиялық профильдегі науқастарға қауіпсіз анестезияны қамтамасыз ету.
Білім
- 1998 ж. – Алматы мемлекеттік медицина университеті, "Педиатрия" мамандығы, "Педиатр дәрігер" біліктілігі;
- Израиль, АҚШ, Қазақстанның жетекші клиникаларында оқыту.