Орталық ересектерге және туғаннан бастап балаларға неврологиялық аурулар және эпилепсия бойынша медициналық көмек көрсетеді. Алматы қаласындағы негізгі филиал 20 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, онда орталық дәрігерлері 100 мыңнан астам адамға кеңес берді, оның 70% эпилепсиямен ауыратын науқастар.
Көпжылдық тәжірибеге ие жоғары білікті дәрігерлер тобы: невролог-эпилептологтар, нейрофизиологтар, геронтологтар, психиатрлар, сондай-ақ психологтар мен логопед-дефектологтар толық медициналық диагностиканы өткізеді, тиімді ем тағайындайды және динамикадағы бұдан арғы мониторингті жүзеге асырады.
Орталықта келесі зерттеу түрлері жүргізіледі:
- Электроэнцефалография (ЭЭГ): рутиндік, күндізгі, түнгі, тәулік бойы, сапармен;
- Нейросонография (Ми УДЗ);
- Қантамырлардың ультрадыбыстық допплерографиясы (УЗДГ);
- Электронейромиография (ЭНМГ).